Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Мұнайды өңдеудің біріншілік процестерінің



Pdf көрінісі
бет71/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
8.8. Мұнайды өңдеудің біріншілік процестерінің 
қазіргі заманғы мəселелері
Заманауи мұнай өңдеу саласының ең маңызды мақсаттарының 
бірі зауыттарды қолайлы жабдықтарды құрастыру, жеңіл көлік 
жанармайларының сапасын арттыру, мұнай химия саласы үшін 
сапалы мұнай өнімдерін шығару, өндіріс барысында қолданылатын 
технологияны қалдықсыз технологияға немесе қалдықты өте аз мөл-
шерде қалдыратын технологияға ауыстыру, ескі технологияларды 
модернизациялау, энергияны үнемдеу, материалды шығындарды 
азайту жəне т.б. көптеген мақсат болып табылады.
Бұл себептерге байланысты энергияның қайнар көзін үнемдеу 
көзқарасынан, технология мен масса алмасу жабдықтарына, сондай-
ақ экологиялық таза жеңіл көліктің жанармайларын алуға шарттар 
қойылады. Қазіргі заманға сай шарттардың жиынтығын орындау 
үшін отынды өндірудің барлық сызбанұсқасын жаңадан қарастыру, 
күнделікті қолданылып жүрген процестерді модернизациялау, 
жанармайлардың октан санын жоғарылататын процестерді енгізу 
қажет. Сəйкесінше, бұл процестер үшін шикізатты дайындайтын қон-


149
дырғының, кең жанармайлы фракциясын айқын ректификациялау 
қондырғысының сызбанұсқасы жұмысын өзгерту қажет.
Энергия қайнар көзін үнемдуші негіздерінің технологияларын 
дамыту мақсаты мен қазіргі уақытта қолданылып жүрген тех 
но-
логиялардың сызбанұсқасымен жəне тұрақтандыру тəртібі мен кең 
жанармайлы фракциялардың ажыратуына зерттеу жүргізілді. Жоғары 
сұйық жəне айдау бағаналарындағы төмен булы жүктелуі тұрақтану 
процестерінің ерекшеліктері болғандықтан, бұл процестерді ағынға 
қарсы тəрелкелі жəне қондырмалы қатынасты қондырғылардың не-
гізінде интенсификациялау қолайсыз болып табылады. Бұл себеп-
терге сүйене отырып, тоғысқан ағынды қатынасты қондырмалы 
жаб дықтардың қолданылуында негізделетін жəне тауарлы жанар май-
лардың қосымша жоғары октанды құрауыштарын алуды көздей тін, 
тұрақтандыру жəне екіншілік айдау технологияларының тəжіри бе лі-
өндірістік зерттеулерін енгізу өте қолайлы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет