199
– ЭЕМ модельмен эксперимент жүргізу, түрлі шарттарға арналған
модельдеу объектісінің жұмыс тәртібін болжау (модель нұсқаларын ге-
нерациялау);
– Берілген шартқа лайықты неғұрлым пайдалы модель нұсқасын
таңдау, оны оңтайландыру мен таңдауды негіздеу;
– Модельді интерпретациялау, яғни модельде алынған білімді жоба-
ланатын жүйеге ауыстыру.
Жобалаушының ЭЕМ-мен нәтижелі диалогын ұйымдастыру үшін
ақпарат енгізу мен модельдеу нәтижелерін шығаруды жеңілдетуге
мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бағдарламалық және техникалық
құралдар пайдаланылады. Мұндай бағдарламалық құралдарға
имитациялық модельдеудің арнайы алгоритм тілдері жатады.
Имитациялық модельдеуді автоматтандыру зерттеуші мен
жобалаушының алда тұрған мәселелерді шешу кезіндегі мүмкіндіктерін
кеңейтуге мүмкіндік береді, түрлі өзгеретін шарттар кезінде жүйенің
жұмыс істеу тәртібін болжауға және осы шарттарға сай жобалау
шешімдерін таңдауға мүмкіндік береді.
ЭЕМ имитациялық модельдеу жүйе-техникасында ерекше орын
алады. Диалогтық жүйелерді құру инженерге өзінің аналитикалық
құралдарын кеңейтуге, жобалау шешімдерінің негізділігі мен сапасын
арттыруға, сонымен бірге оларды өңдеу мерзімін біршама қысқартуға
мүмкіндік береді.
ЭЕМ имитациялық модельдеу жаңа стратегиялар мен шешімдерді ал-
дын ала тексеруге, жүйеде бар модельдің жіңішке орындарын болжауға,
түрлі шарттағы имитацияланатын жүйенің нақты дамуының мүмкін
болатын жолдарын жобалау мен суреттеуге және осы шарттардың
сәйкесінше өзгерісі кезінде құрылым нұсқасын таңдауды негіздеу үшін
қажет.
Имитациялық модельдерде түрлі материалдар бар: макеттер, стенд-
тер, тренажерлар және т.б. ЭЕМ енуімен адам-оператормен (немесе
әріптестер тобы) жұптасып «жұмыс істейтін» бағдарлама модельдер
кең тарала бастады.
Имитациялық модельдеу әдістерін жасап шығарған соң бастапқы
мәліметтердің белгісіздігі мен стохастикалық екендігін, таралатын
құралдар мен талаптардың жанжалдығын, сондай-ақ түрлі бағыттағы
шешімдерді шығару кезіндегі көп нұсқалылықты ескеру мүмкіндігі
пайда болды. Модельге тірі адамды тұрғыза бастады.
Достарыңызбен бөлісу: