243
ұрпақ аралығындағы аллельдің өзгеруі жиілігін есептеу керек: ∆q =
0,002(0,6-0,5) = 0,0002.
Мал шаруашылығында гендер ағынымен селекционерлер жиі
кездеседі, өйткені жергілікті мал тұқымының сапасын жақсарту
үшін басқа популяциядан (кейде шет елден) əкелінген асыл нəсілді
басқа мал тұқымын немесе ұрығын қолдану мал тұқымын асылдан-
дыру жұмысының қажетті тармағы болып саналады.
Сұрыпталу
. Генотиптері орта жағдайларына тиімді бейімделу
қасиетін қамтамасыз етіп, барынша көп ұрпақ қалдыратын ағзалар-
дың сақталуы
сұрыпталу
деп аталады. Əдетте сұрыптаудың жасан-
ды жəне табиғи түрлерін ажыратады. Түбінде сұрыптау түрлерінің
бір-бірінен айырмашылығы жоқ, бірақ олардың əрқайсысының
маңызды айырмашылықтары бар.
Табиғи сұрыпталу ағзалардың табиғи тіршілік жағдайларына
орта факторларының əсері арқылы жүреді. Табиғи популяция-
да генотиптердің шағылысу кезінде үйлесуі кездейсоқ іске асады.
Алайда осы кездейсоқтық тірі табиғаттың дамуына қажет заңдылық
болып шығады. Жасанды сұрыптауда адам, ең алдымен, қажет
генотипі бар ата-аналық формаларды жұп таңдау арқылы барлық
мүмкін генотиптердің кездейсоқ үйлесуін шектейді, екіншіден, ол
жасанды мутагенез арқылы жаңа аллельдер алып, олардың жиілігін
қолдан белгілі деңгейге дейін көтере алады.
Сонымен сұрыптаудың əсерін популяция генефондысындағы
қайсыбір аллельдің таралуын көбейту немесе азайту əдісі деп
қарауға болады. Генотипі мəлім ағзаның тірі қалып, ұрпақ қалдыру
ықтималдығы оның орта жағдайларына бейімделу дəрежесіне бай-
ланысты.
Табиғи сұрыпталудың қарқындылығының өлшемі ретінде
дарвиндік
немесе
салыстырмалы бейімділік
қолданылады. Бейім-
ділік берілген генотиптің көбею тиімділігінің өлшемі болып санала-
ды. Осы өлшемнің ағзаларда əрқилы болуы арқасында ғана табиғи
сұрыпталудың əсері байқалады. Осыған орай бейімділік көбеюдің
абсолюттік емес салыстырмалы тиімділігін сипаттайды.
Енді əртүрлі генотиптердің бейімділігін есептеу жолын тал-
дайық.
Достарыңызбен бөлісу: