Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет18/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

35
4-сурет
Метафазалық хромосомалар типі:
а – хромосоманың сыртқы құрылысы: 1 – центромера; 2 – қысқа иық; 3 – ұзын иық; 
б – сол хромосоманың ішкі құрылысы: 1 – центромера; – ДНҚ молекулалары;  
в – хромосома типтері: 1 – акроцентрлі; субметацентрлі; 
3 – метацентрлі; X – иық, Y – центромера
Жасушалар бөлінгенде хромосомалардың морфологиялық 
ерекшеліктері өзгермей сақталады. Жасуша бөлінер алдында əр 
хромосома да бөлінеді. Бұл үрдіс ядродағы хромосомалар санының 
екі еселенуіне əкеледі. Сомалық жасуша ядроларындағы ДНҚ-ның 
мөлшері жыныс жасушаларының ядроларына қарағанда екі есе 
көп болады. Жасушалардың бұл екі типі бір-бірінен хромосома-
лар саны арқылы ажыратылады. Жыныс жасушаларындағы хро-
мосомалар саны 
гаплоидты
 деп аталады жəне «
п
» белгісі арқылы 
белгіленеді. Көп жасушалы ағзалар денесінің сомалық жасуша-
ларында хромосомалардың саны екі есе көп болады жəне оны 
ди-
плоидты
 деп атайды, «
2п
» белгісі арқылы белгіленеді. Гомологты 
хромосомалардың əр жұбының біреуі аналық, екіншісі аталық ағза-
дан келеді. Əртүрлі ағзалардың сомалық ұлпалары жасушалардағы  
хромосомаларды зерттеу ұлпалардың тек өзіне ғана тəн хромосома-
сы болатынын көрсетті. Əр түрге тəн хромосомалар жиынтығының 
ерекшеліктері – хромосомалардың саны, көлемі жəне формасы 
(пішіні), центромераларының орналасуы, екінші тартылыстарының 
болуы, гетерохроматин жəне эухроматин бөліктерінің кезектесіп 
оналасуы жəне т.б. оның 
кариотипі
 деп аталады. 
Кариотиптегі хромосомалар саны жануарлар мен өсімдіктердің 
құрылым деңгейімен байланысты емес. Жоғары сатыдағы ағзаларға 
қарағанда қарапайым ағзалардың хромосомалар саны көп болуы 
мүмкін. 


36
Хромосомалар жұбымен топтастыра отырып, профазалық неме-
се метафазалық хромосомалардың микрофотографиялары бойынша 
идиограмма,
 хромосомаларды ұзындығы бойынша орналастыру, 
құруға болады. Идиограммада гомологты хромосомалардың тек бір 
жұбын ғана орналастыру қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет