Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет152/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Хорхе Луис Борхес Буэнос-Айресте дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезін­де ол ата-анасымен бірге Швейцарияға көшіп келеді. Ал 1919 жылы Борхес Мадридке келіп, екі жылдан кейін өз отанына қайта оралады. Ол бірнеше тілді меңгеріп, батыс мәдениетімен жақын танысады.

Буэнос-Айресте Борхес Ұлттық кітапхана қызметшісі болып, университетте дәрістер оқиды, аудармамен айналысып, көбіне ағылшын тілімен жұмыс істейді. Ол қоғам өміріне белсене араласпағанымен де, уақыт өте келе баспасөздерде өзінің саяси көзқарасын білдіре бастайды. Оның айналасында­ғылар Борхес туралы үнемі кері пікірде болған. Бірақ көптеген еуропалық марапаттарға ие болған Борхес өз елінде халық сүйіп оқитын жазушы бола алмайды. Борхес өз шығармашылығын алғашында метафораларға жүгіне отырып, ақын-тәжірибеші ретінде бастайды. «Сыбайлас» атты өлеңінде автор қайғы мен қуаныштың, зұлымдық пен жақсылықтың бірлігі туралы ой қозғайды. Борхес проза жазуда да өзінің ақындық қағидаларынан бас тартпайды. Оның туындылары қысқа, мазмұны тұрғысынан детективті болып келеді. Борхес өзінің «Соқпақ жолдағы бақ» атты әңгімесін детектив жанрына негіздеп жазған. Мұнда Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында орын алған оқиғалар мен германдық және ағылшындық тыңшылардың арасындығы тайталастар туралы айтылады.

Детективтік жанрда жазылған Борхестің «Эмма Цунц» атты әңгімесінде өзінің әкесі үшін кек алу жоспарын жүзеге асырған қарапайым қыз туралы айтылады. Эмма әкесінің абыройы үшін өзінің абыройынан айырылады, сол арқылы өзінің жазықсыздығын дәлелдейді. Борхес өзінің кейіпкерлерін екі топқа бөледі: ой адамы және еңбек адамы. 40-50 жылдары жазушы көбіне еңбек адамдарын таңдайтын.

Борхестің туындылары ғылыми мақалаларға жақын келеді. Себебі онда беделді адамдардың еңбектерінен көптеген үзінділер келтіріп, оларға сілтемелер жасап отырады. Ол өз шығармаларында түрлі тақырыптарда даула­сады. Автор Минотавр туралы аңызыға сүйене отырып, «Астерия үйі» атты әңгімесінде адам тектес бұқаның бостандыққа деген құлшынысын көрсетеді. «Иудаға жасалған сатқындықтың үш нұсқасы» атты әңгімесінде ол Христостың шәкірті жасаған сатқындықты ақтап, керісінше ол өзінің ұстазының құдіретті­лігін дәлелдегендігін баяндайды. Луис Борхестің мақсаты жаңа бір шындықты алып келу емес, оқырмандарға кейбір дау тудырмайтын мәселелер туралы ой тастау болды. Осы тұрғыда ол жетістіктерге де жетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет