аласа-таулы дала, тау етегі белдеулерінің топырақтарының экологиялық сипаттамасы
Топырақ түзуші жыныстар – негізінен лесс тектес майда ұнтақталған жыныстар.
Қара топырақты аймақтың көлемі орманды далалы зонаның ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн гектар немесе ТМД территориясының 9%-ға жуығы. Бұл зонада негізінен даланың дəнді шөбі, бұршақ тұқымдастар, жусан тағы да басқа шөпті өсімдіктер тұтасып қалың болып өседі. Бұл шөптердің тамырлары жер бетіндегі вегетативтік органдарынан көп артық. Аймақты жел жақсы қағады, күннің көзі де жақсы жылытады. Жазда жаңбыр азырақ жа- уып, өсімдік қалдықтары мен жапырақтар баяу ыдырап, шіриді. Сондықтан топырақтың бағалы бөлігі – қара шіріндісі мол жинала- ды. Топырақ түсінің қара болатыны да осыдан. Қара шірінді топырақ бөлшектерін біріктіріп, жақсы құрылым қарайды. Топырақ реакция- сы бейтарап, топырақтың сіңіру-алмастыру кешені сіңірілген каль- ций катионына бай, жақсы қаныққан.
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін
4 биіктік белдеу бар:
Тау етегіндегі шөлді-далалыбелдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр- қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы жəне тəлімі егіншілік жəне мал шаруашылығы дамыған.