Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет98/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Гравитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдала- на алмайды, ол су топырақ астына жерасты ыза суының қорына қосылады.
Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады. Табиғатта олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктида түгелдей, терістік мəңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы кездессе, кей аймақтарда тек жылдың кыс ай- ларында, ал кейбір аймақтарда тіпті, жылдың қыс айларында да бол- майды. Себебі əлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі.
Жерасты ыза суы топырақтың, ал көбіне, топырақ түзуші тау жыныстарының əртүрлі тереңдіктерінде əдетте, су өткізбейтін қабат үстіне жиналады. Жерасты ыза суы көбіне, топырақ қабатынан көп тереңдікте жататындықтан топыраққа жəне өсетін өсімдіктерге еш əсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, əдетте, ТМД елдерінің батыс жəне теріскейде түсетін аудандарында, өзен бой- лары мен сағаларында жəне суармалы егіс алқаптарында топырақ
астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне өте үлкен əсерін тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе, шалғынды топырақтар кездеседі.
Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Бұл – құрамында суға еріген əртүрлі заттары бар топырақ ерітінділері. Өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бо- йына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның құнарлылығының негізгі шарттарынын бірі. Академик Г. Н. Высоц- кий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адам қанымен салыстырған (Г. Н. Высоцкий 1962).


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет