Жеміс дақылдарының аурулары Шекілдеуікті жеміс ағаштардың аурулары
Саңырауқұлақ аурулары
Алма мен алмұрттың таз-қотыры. Ауру қоздырғышы алмада
Venturia inaequalis Wint. (155-сурет), алмұртта – V. pirina Aderh.
саңырауқұлақтары. Қоздырғыш конидиялы кезеңінде алмада – Fu- sicladium dendriticum Fckl., алмұртта – F. pirinum Fckl. деп аталады. Саңырауқұлақтардың морфологиялық жəне биологиялық ерекше- ліктері бірдей, бірақ олар өзіне тəн ие-өсімдікте, яғни алмұртқа бейімделген саңырауқұлақ алманы залалдамайды жəне керісінше дамиды.