Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет254/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

169-сурет. Қоңыр дақ

Қоздырғыштың қалталы кезеңі республика жағдайында кез- деспейді. Аурудың дамуына əсіресе жаздың екінші жартысында басталып, вегетацияның соңына дейін созылатын жылы ауа райы мен жиі жаңбыр қолайлы жағдай туғызады.


Кеселге негізінен өсімдіктің жапырақтары, кейде сағақтары мен мұртшалары шалдығады. Жапырақтағы дақтардың түсі қоңыр, қызыл-қоңыр, ортасы сұрлау, көлемі əртүрлі, пішіні дөңгелек не- месе бұрышты, жайылған болып келеді. Дақтар кейін бір-бірімен қосылып ұлғаяды.
Сағақтар мен мұртшалардағы дақтар ұзынша, жолақ тəрізді болады. Саңырауқұлақтың төсеніші (ложе) қоңыр немесе қара-қо- ңыр түсті, əдетте ол жапырақтың жоғарғы кейде төменгі бетінде түзіліп, айқын көрінеді.
Сұр шірік. Ауру қоздырғышы – Botrytis cinerea Fr. саңырауқұ- лағы (170-сурет). Конидиялары түссіз (массасы көгілдір), сопақша пішінді, бір клеткалы. Олар бұтақталған конидия тасушылардың ұшында топтанып түзіледі. Конидиялар жел жəне жаңбыр арқылы таралады. Сыртқы ортаның əсеріне конидиялар өте төзімді, тірші- лігін 1-2 жылға дейін сақтауы мүмкін. Су тамшысы болған жағдай- да олар өнеді, сондықтан жиі жаңбыр, мол шық жəне егістіктегі өсімдіктің жиілігі аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Саңырауқұлақ негізінен əлсіреген өсімдіктерді немесе жара- қаттанған ұлпаларды залалдайды да, оның токсиндері сау клетка- ларға таралып, жансыздандырады. Инфекция қоры залалданған өсімдік қалдықтарында жəне топырақта склероций түрінде сақ- талады. Склероцийлердің пішіні мен көлемі əртүрлі (2-5мм), түсі қара. Олар жіпшумаққа өніп, конидия тасушыларда түзілген кони- диялар өсімдікті қайта залалдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет