Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Стенд-ап: Айбек Құрметұлы – тілші



бет34/97
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#95538
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
Байланысты:
umkdfile(78615) (1)

Стенд-ап: Айбек Құрметұлы – тілші
Кереңдіктен аулақ болудың қарапайым 3 ережесі бар.
Біріншіден: дыбыстың максималды деңгейге дейінгі мөлшері, 60 пайыздан жоғары болмауы керек.
Екіншіден: музыка айналаңыздағы адамдарға естілмеуі тиіс.
Үшіншіден: егер сіздің дауысыңыз өзгелер үшін қатты естілген болса, музыканың дыбысын әлі де бәсеңдеткен дұрыс.
Дәрігерлердің бұл кеңесіне құлақ түрмесеңіз, уақыт өте құлаққапты, кейін есіту аппаратына алмастыруыңыз әбден мүмкін.
Тақырыптық репортаж көрерменге үнемі қызық болатын әрекетпен байланысты. Ол жол қозғалысы жайлы қала көшелерінен репортаж, шебер ұстаханасынан репортаж, көлік цехынан немесе балет сыныбынан репортаж болуы мүмкін. Бұл жағдайда оқиға деп телетоптың объектіге келіп, бұқараға көрсетуін айтуға болады.
Тақырыптық репортаж белгілі бір оқиғаның нақты сәттегі суреттерімен байланысты жазылады. Репортаждың бұл түрі, анығында жеке тақырыптарға арналады. Әдетте, репортаждың бұл түрі нақты объектінің бір тақырыбын бөліп алып, оқырманға сол жөнінде хабарлау сипатында жиі кездеседі. Демек, тақырыпты тереңдеткен сайын оның танымдық сипаты да көтеріле түседі. Сол себепті мұндай репортаждарды тақырыптық-танымдық деп атаған дұрыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет