ШОК субъектілерін қаржылық қолдау шаралары. Кәсіпкерлікті
дамыту комитеті «Даму» Қорымен бірге «Бизнестің жол картасы –
2020» Мемлекеттік Бағдарламасын (әрі қарай – Бағдарлама) жүзеге
асырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты болып шикізаттық емес
секторларда аймақтық кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамыту,
сонымен қатар іс жүзіндегі жұмыс орындарын сақтау және тұрақты
жаңа жұмыс орындарын ашу табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 350 456,9
млн. теңгеге 1 112 жоба субсидияландырылды. Жобалардың басым
бөлігі мына салаларда орын алды, яғни агроөнеркәсіптік кешен – 265
жоба, көлік пен қоймалау – 223 жоба, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз
өндірісі – 160 жоба.
2012 жылдан бастап Бағдарламаға төмендегідей қаржы құралдары
енгізілді:
1. Несиелендіруді кепілдендірудің жаңа жүйесі, бұл кәсіпкерлердің
несие ресурстарына деген қол жетімділігін жақсарту мақсатында
әзірленді.
2. Жаңашылдығымен ерекшеленген жаңа бизнес-идеяларды жүзеге
асырушы өз ісін енді бастаушы кәсіпкерлерді қолдау.
«Жұмыспен қамту – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
шағын несиелерді беру және оқыту бағдарламаларын жүргізу арқылы
ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету шаралары
да жүзеге асырылады. Бұл Бағдарламаға қатысушыларға 2011 жылы
микрокредиттік ұйымдар арқылы 3 569 млн. теңге көлемінде шағын
несие берілді. Жалпы алғанда, Бағдарламаның 1 435 қатысушысы
несие ресурстарымен қамтамасыз етілді. Шағын несиенің орташа
көлемі 1 862 мың теңгені құрады.