Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет317/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты: 
тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік 
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен 
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей 
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.


183
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Қазақстандағы еңбекақы қатынастары және оның қарқыны;
Капитал және оның түрлері;
Қазақстанда жер ресурстары нарығының даму ерекшеліктері.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Жалақы мөлшерлемелерінің ерекшеленуі.
2) Дисконттау және дисконтталған құн.
3) Капитал бойынша уақытаралық таңдау мәселесі.
4) Жер рентасының түрлері: монополиялық рента, экологиялық 
рента, т.б.
5. Есептер:
1. Айталық, сіздің университетте оқудың келесідей төлемақысы 
бекітілді: сіз жылына 2 мың доллар төлейсіз, бірақ қалған үш жылда 
оқудың ақысы жыл сайын 200 долларға өсіп отырады. Университет 
әкімшілігі оқудың төлемақысын үнемдеу үшін студенттерге 
бірден төрт жылға 8 мың доллар төлеу жөнінде ұсыныс жасайды. 
Әкімшіліктің айтуынша студенттер бұл жерде 1200 доллар үнемдей 
алады:
2-ші жылы 200 доллар;
3-ші жылы 400 доллар;
4-ші жылы 600 доллар.
Егер сіздің ата-анаңыз осындай ақша алу үшін өз компаниясының 
жылына 12% дивиденд түрінде табыс әкелетін акциясын сату туралы 
шешім қабылдаса, онда сіз осы ұсынысты қабылдайсыз ба?
2. Айталық, жер телімі 300 мың теңгеге сатылады. Сіздің ойыңыз ша, 
бұл жерді жалға бергенде ол жылына 25 мың теңге көлемінде рента-
лық табыс әкеледі. Осыған байланысты, 300 мың теңге табысыңызды 
максималдауға ұмтыласыз, банктік пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Сіз 
жерді сатып алу жөнінде шешім қабылдайсыз ба?
3. Белгілі бір отбасының алдында мынадай мәселе тұр: кір жуатын 
машинаны сатып алу немесе кір жуу қызметін пайдалану. 
Кір жуу қызметі аптасына 200 теңгеге тең. 
Кір жуатын машинаның бағасы 30 000 теңге.
Коммерциялық банктің пайыз мөлшерлемесі 10%-ға тең.


184
Кір жуатын машинаны қолданудың басқа да шығындары 
(амортизация, электроэнергия) 100 теңгеге тең.
Анықтаңыз, отбасыға кір жуатын машинаны сатып алған дұрыс па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет