2) Мына тұжырымдамалардың қайсысы микроэкономикаға және макроэкономикаға жататындығын анықтаңыздар: а) үкімет бағаларды реттеу саясатын жүзеге асырады;
ә) ұзақ уақыт бойы құрғақшылықтың салдарынан Қазақстанның
орталық аймақтарында егін шықпай қалды;
б) Қазақстанда минималды жалақы деңгейі 20 000 теңгені құрайды;
в) бюджет тапшылығын жою инфляцияны төмендетудің бір жолы
болып табылады;
г) салықтарды төмендету елдегі іскерлік белсенділіктің жандануы-
на мүмкіндік береді;
ғ) шәкіртақының мөлшері студенттің жанұясының орташа
табысына немесе студенттің жеке табысына тәуелді болып келеді;
д) ұлттық ақша бірлігінің айналымға жіберілуі және оның
айналымдылығы сыртқы экономикалық қызметті ырықтандырудың,
экономиканың ашықтылық дәрежесінің элементі болып табылады.