Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі атаулар, анықтамалар, түсініктер, өлшем бірліктер



бет274/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

3. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі атаулар, анықтамалар, түсініктер, өлшем бірліктер.
Қазіргі түсінікке сәйкес, радиациялық гигиенада бірқатар түсініктер мен анықтамалар қолданылады:
Иондаушы сәулелену көзі – (РҚН -99 - сәулелену көзі) иондаушы сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті заттар немесе құрылғылар;
Табиғи сәулелену көзі –табиғи текті иондаушы сәулелену көздері;
Техногенді сәулелену көзі – оны пайдалы мақсатта қолдану үшін арнайы жасалған немесе осы әрекеттің жанама өнімі болып табылатын иондаушы сәулелену көзі;
Жабық көздері – пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда, құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін, кез-келген иондаушы сәулелену көздері. Келтірілген анықтамадан иондаушы сәулеленудің жабық көздерімен жұмыс істеу кезінде, жұмысшы тек сыртқы сәулеленуге ұшырауы мүмкін, сондықтан, барлық қорғану шаралары осы жағдайды есепке алып жүргізіледі;
Ашық көздер – мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде, белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін. Бұл кезде, тек сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар персонал қосымша ішкі сәулеленуге де ұшырауы мүмкін. Бұл белсенді изотоптардың қоршаған жұмыс ортасына газдар, аэрозольдер түрінде, сонымен қатар, қатты және сұйық белсенді қалдықтар түрінде түсуімен байланысты болуы мүмкін.
Радиобелсенділік – бұл, өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелер (α-бөлшектер, β-бөлшектер, γ-квант және басқалар түріндегі энергиялар) шығарып, басқа элемент атомының ядроларына айналуы. Радиоактивтілікке химиялық элементтердің тұрақсыз изотоптары ие;
Радиобелсенділік айналу түрлері:
Альфа-ыдырау- реттік нөмері үлкен, табиғи белсенді элементтерге тән (яғни, энергия байланысы аз элементтерге).
Электрондық β-ыдырау – табиғи да, және жасанды да белсенді элементтерге тән.
Позитрондық β-ыдырау – кейбір жасанды радиобелсенді изотоптарда байқалады.
К-қосып алу (ядроның орталық электронды өзіне тартып алуы) – бұл үрдіс кезінде, ядро К-қабығындағы электронды өзіне тартып алады да, позитрондық ыдырау кезіндегі сияқты ядролардың айналуы орын алады.
Ядролардың өздігінен бөлінуі – бұл үрдіс атомдық номері үлкен белсенді элементтерде (мысалы, 235И, 239РИ және басқаларда), олардың ядросы баяу нейтрондарды өзіне қосып алуы кезінде байқалады.
Термоядролық реакциялар - бұл реакциялар тек бірнеше миллион градустарға жететін температура кезінде жүреді. Бұл жағдайда жеңіл элементтердің ядролары үлкен кинетикалық энергиямен қозғалып, бір-біріне жақындайды да, бір-біріне қосылып, ауырлау элементтердің ядроларын түзеді.
Жартылай ыдырау кезеңі (Т) – бұл берілген белсенді изотоптың барлық атомдарының жартысы ыдырайтын уақыты.
Белсенділік (А) – уақыт бірлігіндегі ядролық айналудың (ыдыраудың) жылдамдығы немесе берілген уақытта, берілген энергиялық жағдайда болған радионуклидтің қандай да бір мөлшерінің белсенділігінің өлшемі:
,
Мұндағы, dn –берілген энергетикалық жағдайда dt уақыт аралығында пайда болатын, спонтанды ядролық айналулардың күтілетін саны. Радиоактивті заттардың белсенділігінің (активтілігінің) өлшем бірлігіне беккерель (Бк) қабылданады – бір секундтағы бір айналым. Килобеккерель (КБк) 103 Бк-ді, мегабеккерель – 106 Бк-ді құрайды. Белсенділіктің жүйелік емес арнайы бірлігі – кюри (Ки). Кюри- бұл 1 секундта 3,7-1010 ядролық айналымдар (ыдырау актісі) жүретін (1Ки = 3,7-1010 Бк), берілген изотоп препаратының белсенділігі ретінде анықталатын, белсенді заттардың белсенділігінің өлшем бірлігі. Кюридің басқа да туынды өлшем бірліктері қолданылады: милликюри (мКи) — 0,001 кюри, микрокюри (мкКи) – 10-6 кюри, т.б.
Минималды мәнді белсенділік (ММБ) – сәулеленудің көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдарының рұқсатын қажет етпейтін, бөлмедегі немесе жұмыс орнындағы иондаушы сәулеленудің ашық көзінің белгіленген белсенділігі. ММБ-ден артық болған кезде және осы жағдайда минималды мәнді меншікті белсенділігі де артық болса, сәулеленудің бұл көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдарынан рұқсат алуды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет