20
Архивтеу процесінің қалай жүргізілетініне тоқталайық. Мәтін-
де ең көп кездесетін сөздер ұзындығы одан аз пәрмендермен (коман-
дамен) ауыстырылады. Архивтелуі керек файлдағы ақпарат бірне-
ше бөлікке бөлінеді. Әрбір сөздің мәтінде кездесу жиілігі анықта-
лады. Сол сөздер ұзындығы қысқа символ немесе командалармен
ауыстырылады. Мұндай әрекет арқылы файлдың көлемі кішірейеді.
Осыған байланысты қарапайым мысал келтірейік, мәтінде
«кітап» сөзі 20 рет кездесті делік. Архивтеу барысында «кітап-20»
деп жазылады. 20 рет жазылған «кітап» сөзі – 100 байт. Ал «кітап-20»
деп жазу тырнақшаны есептемегенде 8 байт. Қанша орын үнемделді
деп ойлайсың? Процесті кері қайтарып, архивтелген файлды
қайта қалпына келтіруге болады. Архивтеуші программалардың
терезесінде
2-суретте
көрсетілгендей батырмалар бар.
2-сурет.
WinRAR архивтеуші программасы
Достарыңызбен бөлісу: