11
Оптикалық диск түрлері:
CD-R, CD-RW, DVD-R,
DVD-RW. Компьютер дискілерді дискжетек көме-
гімен оқиды. Дискжетек жылдамдығымен, оқу,
жазу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, дара
жылдамдықты дискжетектер 150 Кб/с оқу жыл-
дамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискже-
тек 300 Кб/с т.с.с. жылдамдықты қамтамасыз етеді.
CD мен DVD дискілердің «R» және «RW» фор-
матындағы түрлері бар. «R» форматындағы дискі-
лерге (ағыл.
read
– оқу) ақпарат бір рет қана жазыла-
ды. Ал RW форматындағы дискілерге (ағыл.
read
–
оқу және
write
– жазу) ақпаратты бірнеше рет жазуға,
өшіруге, қайта жазуға болады.
Флеш-жад
(ағыл.
flash
– жарқыл) – жазылған мә-
ліметтерді есте сақтай алатын микросхема (чип)
түрінде жасалған жад түрі. Флеш-жад кез келген
компьютерде, цифрлы фотокамералар мен смарт-
фондарда пайдаланылады. Флеш-жадқа жазылған
ақпарат ұзақ уақыт сақталады, магниттік немесе
оптикалық дискжетекке қарағанда энергияны аз
тұтынады. Флеш-жад картасынан ақпаратты оқу мен
жазу үшін, компьютерге немесе мобильді құрылғыға
USB-портын қосу керек. Флеш-жад сыйымдылығы
1 Гбайттан басталады.
Компьютер техникасының даму қарқыны жоға-
ры болғандықтан, флеш-жад өлшемдері де күннен-
күнге артып отыр.
1-тапсырма
1. Жұмыс үстеліндегі
Компьютер
жүйелік бумасын тінтуірдің
оң жақ батырмасымен шерту арқылы
Контекстік мәзірді
аш.
2.
Контекстік мәзір
ішінен
Свойства
(Қасиет) командасын тін-
туірдің сол жақ батырмасымен шерту арқылы пайда болған
терезеден компьютердің жедел жадының көлемін анықта.
3.
Компьютер
жүйелік буманы тінтуірдің сол жақ батырмасы-
мен шертіп аш. Ашылған терезеден сыртқы есте сақтау
құрылғысының сыйымдылығын анықта.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
|