105
7, 8-суреттерде
берілген презентацияны
жасауда қолданылған
командалар қызметін сипаттап жазыңдар.
Слайдтардың мазмұ-
нына сәйкес 5-7 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңдар.
Орында
PowerPoint
-та жасалған екі слайд берілген (
9, 10-суреттер
).
Слайдтарды
салыстырып, оларға баға бер.
1. Слайдтар дизайнындағы үш айырмашылықты ата.
2. Слайдтардың үш ұқсастығын көрсет.
3. Қай слайдты көпшілік ортада таныстырар едің?
Себебін түсіндір.
Су туралы үш слайдтан тұратын презентацияны жоспарлаңдар.
Тақырып үлгілері: «Судың үш күйі», «Біз қандай су ішеміз?»,
«Сусындар».
Төменде берілген сұрақтар бойынша шағын есеп жаз.
• Презентацияларды қай жерде пайдалануға болады?
• Презентацияны безендіру неліктен маңызды?
• Презентацияны компьютерде және қағазда (плакатта) орын-
даудың қандай айырмашылықтары бар? Қайсысы тиімді?
Дәлелді мысалдар келтір.
9-сурет.
Бірінші слайд
10-сурет.
Екінші слайд
Достарыңызбен бөлісу: