44
Мысал
– жануар, затты кейіпкер етіп, солардың
әрекеті арқылы адам бойындағы кемшілікті сынай-
тын, жақсы мінез-құлықты үлгі етіп көрсететін көркем
шығарма. мысал өсиет, ақыл айтуға құрылады,
қарасөзбен де, өлеңмен де жазылады.
АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
32
екінші мамандық
(
мысал өлең
)
– мен Балтамын, Балтамын,
Еңбек күйін тартамын.
Екінші бір мамандық
Алмағанға бар таңым.
Жаз ба, күз бе, қыс мейлі,
Шебер қолдан түспеймін.
Балға жоқта балғаның
Қызметін де істеймін.
Бұл әңгіме тосын-ды.
Оған Оқтау қосылды:
– Бар екінші өнерім,
Қолдаймын мен досымды.
тек нан илеп қоймаймын,
мен де көп ой ойлаймын.
тоқпақ болып, тентектің
төбесінде ойнаймын!
– Екінші өнер керемет!
маған да сол керек ед.
Икемделдім, – деп қойды
кресло-кереует...
– Алса қолға шеберің,
Болмас маған теңерің.
Неше түрлі ағашты
Қашау – менің өнерім, –
Деді Қашау, – ғұрыпты
Бұзбай атам жүріпті.
Ал мен болсам, қосымша
Бұрай алам шурупты!
– көкке қолын жайғандар,
Ойланыңдар, ойлаңдар! –
Деді екінші мамандық
Алған құрал-саймандар.
Қадыр мырза Әли
түсініп оқы
АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
33
Шуруп
– бұрандалы шеге
көкке қолын жайғандар
–
бұл жерде:
«түк істемей
бос жүргендер» деген мағынада
5. Өлеңдегі негізгі ойды тап.
Достарыңызбен бөлісу: |