Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет124/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Алдыңғы ми
Омыртқалылар эволюциясында алдыңғы мидың, prosencephalon, дамуы басты екі фактормен: сезімталдықтың әртүрінің жетілуімен (алдымен ішкі ағзалық және иіс сезу, кейін көру, есту және т.б.) – бұл организмнің сыртқы ортамен байланысының жақсара түсуін қамтамасыз етті және омыртқалылардың құрғаққа шығуында үлкен маңызға ие болатын шартты рефлекстік байланыстардың дамуымен негізделеді. Құрлықтағы омыртқалылардың алдыңғы миының морфологиялық-қызметтік күрделенуі нәтижесінде ол: аралық ми және соңғы миға бөлінеді.
Аралық ми
Аралық мидың, diencephalon, келесі бөліктерін: таламустық миды, thalamencephalon, таламусасты аймағын, hypothalamus, және аралық мидың қуысы - ІІІ қарыншаны, ventriculus tertius, ажыратады.
Таламустық миға, thalamencephalon: 1) таламус немесе көру төмпесі, thalamus; 2)
таламусүсті, epithalamus және 3) таламусарты, metathalamus, жатады.
Таламус (артқы таламус), немесе көру төмпесі, thalamus, сұр заттың жиынтығы, көлемі мен пішіні бойынша кептердің жұмыртқасын еске түсіреді. Оның бүйір қарынша қуысына қараған жоғарғы беті латералды жағынан шекаралық жолақ, stria terminalis, арқылы құйрықты ядродан бөлініп тұрады; алдыңғы жағы төмпешік, tuberculum anterius thalami, түрінде тарылған ал артқы кеңейген бөлігі жастық, pulvinar, деп аталады.Екі таламустың медиалды беттерінің ортасындағы саңылау түріндегі қуыс III қарынша деп аталады, бұл қуыста таламустарды байланыстыратын таламусаралық дәнекер, adhesio intertalamica, орналасады. Таламус пен гипоталамустың шекарасында жақсы байқалатын горизонталды гипоталамустық жүлге, sulcus hypotalamicus, өтеді. Бұл жүлге алдынан қарыншааралық тесіктен басталып, ортаңғы ми суқұбырының алдыңғы тесігінде
аяқталады. Таламустың алдыңғы, латералды, төменгі және артқы беттерінің барлығы дерлік (жастықтан басқа) көрші аймақтардың милық затымен бітісіп кетеді. Жоғарғы және медиалды беттердің шекарасында таламустың милық жолағы, stria medullaris thalami, өтеді. Ол артқы жағында кеңейіп жүгеншік үшбұрышын, trigonum habenulae, түзеді. Таламуста 40-қа жуық ядролар бар, олардың ішінде алдыңғы, артқы, медиалды, латералды ядролар (nuclei anteriores, posteriores, mediales et laterales) мен торлы ядроларды (nucl.reticulares) ажыратады.
Таламустың ядроларының көбі соңғы мимен екі жақты байланысады. Жастық ядролары, латералды иінді дене ядролары және ортаңғы мидың жоғарғы төбешігінің ядролары көрудің қыртысасты орталықтары болып табылады. Медиалды ядроларда таламустың барлық басқа ядроларынан шығатын аксондардың бір бөлігі аяқталады. Сондықтан, таламус организмнің сыртқы және ішкі ортадан алатын барлық афферентті импульстерінің қыртысастылық негізгі орталығы қызметін атқарады.
Таламусарты аймағы немесе метаталамус, metathalamus, пішіні жартылай эллипстәрізді медиалды және латералды иінді денелерден тұрады. Медиалды иінді дене, corpus geniculatum mediale, таламус жастығының астында орналасып, ортаңғы мидың төменгі төбешігінің ядросымен бірге естудің қыртысастылық орталығы болып табылады. Латералды иінді дене, corpus geniculatum laterale, жастықтың төменгі-бүйір бетінде, көру жолының латералды шоғырының бойында орналасып, таламус жастығы ядросымен және жоғарғы төбешіктің сұр қабатымен бірге көрудің қыртысастылық орталықтары болып табылады. Сонымен, екі иінді дене жоғарыда көрсетілгендей ( «ортаңғы миды» қара) ортаңғы ми төбешіктермен байланысады.
Таламусүсті аймағына (эпиталамус), epithalamus, томпақ дене, жүгеншік, жүгеншік дәнекері, жүгеншік үшбұрышы және эпиталамустық (артқы) дәнекер жатады.
Томпақ дене, corpus pineale, аралық мидың жоғарғы қабырғасының артқы бөлігінен дамиды, көлемі кішігірім томпақ пішінді, жоғарғы төбешіктердің арасындағы ұңғылда жатады. Ол қызметі бойынша эндокриндік бездерге жатады. Томпақ дененің алдынан екі жіңішке нерв тәждері – жүгеншелер, habenulae, шығады. Олардың томпақ дененің алдыңғы шетінде бір - бірімен қосылатын жері жүгеншік дәнекері, commissura habenularum, деп аталады. Жүгеншелердің алдыңғы шеттері көру төмпелерінің жоғарғы және медиалды беттерінің шекарасында кеңейіп, әр жағынан жүгеншік үшбұрышын, trigonum habenulae, түзеді. Жүгеншік үшбұрышы алдыңғы шетінде милық жолаққа, stria medullaris thalami, жалғасады.
Эпиталамустық (артқы) дәнекер, commissura epithalamica (posterior), көлденең бағытта бір ми сыңарынан екіншісіне баратын, эпифиздің алдында және төмен жағында
орналасқан нерв талшықтарының жіңішке (1 мм-ге дейін) сабағы. Ол ортаңғы ми суқұбырының алдыңғы тесігінің үстінде үшінші қарыншаның артқы қабырғасында орналасады. Жүгеншік дәнекері мен эпиталамустық дәнекердің аралығында томпақ дене ұңғылы, recessus pinealis, жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет