Қанменқамтамасыздануы. Мидың артқы артериясының тармақтары.
Веналықағым. Үшінші қарыншаның тамырлық өріміне.
Бүйрекүстібезі(glandulasuprarenalis) Жұп ағза, адреналды жүйеге жатады. Ішастардың артында, бүйректің жоғарғы ұшында орналасады. Бүрекүсті безінің жоғарғы ұшы көкетке қараған, ал негізі бүйрекке бағытталған үшқырлы пирамидаға ұқсайды. Ересек адамдарда оның мөлшері: биіктігі – 3- 6 см, негізінің ені – 3 см шамасында және көлденең ені 4-6 мм-ге жақын, салмағы – 20гр. Бездің алдыңғы бетінде тамырлар мен нервтер кіріп – шығатын қақпасы бар. Без, бүйрек шандырының бір бөлігі болатын дәнекер тінді қапшақпен қапталған. Қапшықтың өсінділері ағза ішіне кіріп, оның стромасын түзеді. Бүйрекүсті безі көлденең кесіндісінде, сыртқықыртысты заттан (cortex) және ішкімилы заттан (medulla) тұрады.
Қызметі. Бүйрек үсті безі ағзада аса маңызды роль атқарады. Оның милық заты симпатикалық нерв жүйесінің жұмысын ынталандыратын, қан тамырларды тарылтатын, бауырдағы гликогеннің ыдырауын қоздыратын т.б., адреналды топ қатарындағы гормондар бөліп шығарады. Бүйрекүсті бездің қыртысты заты (кортикостероидтар) – су- тұз, белок алмасуын реттейтін және жыныс бездердің қызметіне әсер ететін гормондарды өндіріп шығарады. Кортикостероидтты гормондардың бөлінуі гипофиз бен гипоталамустың қызметтерімен тығыз байланысты.
Эмбриогенезде бүйрекүсті безі екі ұрық түрінде қалана бастайды: қыртысты заты алғашқы бүйректер аралығындағы мезодермадан дамиды (осыдан оның аты – интерреналды ағза); милы зат – ганглиялық табақшадан көшкен (орын ауыстырған) және хром қышқылымен қарқынды боялатын (осыдан аты – хромоффиндік ағза) симпатикалық элементтерден (эктодермадан шыққан) дамиды. Төменгі сатылы омыртқалыларда және кейбір сүтқоректілерде (қоян) бүрек үсті безінің осы бөліктері жеке дара орналасқан.
Қанменқамтамасыздануы. Төменгі көкеттік және бүйрек артерияларының тармақтары, қолқаның іштік бөлігінен.
Веналық ағым– аттас веналарға
Нервтенуі. Кезбе нерв (Х- жұп) және ішкі ағзалық үлкен нерв.