-n. zygomaticus et n.infraorbitalis (V- жұптың
n.maxillaris-інің тармағы)
Көзұяастылық өзек,
canalisinfraorbitalis
-a. infraorbitalis (a.maxillaris-тан)
-v.infraorbitalis(pl.venosuspterygoideus)
-n. zygomaticus et n.infraorbitalis (V- жұптың
n.maxillaris-інің тармағы)
Бет-көзұялық тесік, foramenzygomaticoorbitale
-a.zygomaticoorbitalis
(a.temporalissuperficialis-тен)
-v.zygomaticoorbitalis
(v. temporalissuperficialisқұйылысы)
-n.zygomaticus(V- жұптың тармағы n.maxillaris n.zygomaticotemporalisжәне n.zygomaticofacialisбо лып бөлінеді)
Мұрын-көзжасы өзегі,
canalisnaso-lacrimalis
Ішінде мұрын- көзжасы түтігі, ductusnasolacrimalisорналасқан.
Мұрын қуысы,cavitas nasi, поrта facialis-тің ортасында орналасқан, алдынан жоғарғы жақсүйек тіліктері, incisurae nasalismaxillae,және мұрын сүйектерінің, төменгі жиектерімен шектелген алмұрттәрізді апертурамен, apertura piriformis,шектелген. Артынан мұрын қуысы хоандар, choanae,арқылы жұтқыншаққа ашылады. Әр хоана, сынатәрізді сүйек қанаттәрізді өсіндісінің медиалды табақшасымен, lamina medialis processus pterygoideiossis sphenoidalis, желбезек сүйек, vomer, сынатәрізді сүйектің денесі, corpus ossissphenoidalis,және таңдай сүйектің горизонтальды табақшасымен,lamina horizontalisossispalatini, шектелген.
Мұрын қуысы төмендегідей қабырғалардан құралған: жоғарғы, төменгі және
латералды, осылармен қатар мұрын қалқасынан. Ең күрделі латералды қабырғасында бір-бірінен
жоғарғы, ортаңғы және төиенгі мұрын жолдарымен бөлінген мұрын кеуілжірлері орналасқан.
Жоғарғы мұрын жолы, meatus nasi superior, торлы лабиринттің бөліктері жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірімен, conchanasalissuperioretconchanasalismedia,шектелген.
Жоғарғы мұрын жолына ашылады:
торлы сүйектің артқы ұяшықтары, cellulaeethmoidalisposteriores,
Ортаңғы мұрын жолы, meatus nasimedius, ортаңғы және төменгі мұрын кеуілжірлер аралығында орналасқан, concha nasalis media et concha nasalisinferior,соңғы жеке сүйек.
Ортаңғы мұрын жолына ашылатындар:
торлы сүйектің алдыңғы және артқы ұяшықтары, cellulae ethmoidalesanterioresetmedii
маңдай қойнауы, sinusfrontalis,
жоғарғы жақсүйек (Гаймор) қойнауы, sinusmaxillaris(Higmori)
сынатәрізді-таңдай тесігі, foramensphenopalatinum,ортаңғы мұрын жолын сынатәрізді-таңдай шұңқырымен байланыстырады.
Төменгі мұрын жолы, meatus nasi inferior, төменгі мұрын кеуілжірімен мұрын қуысының төменгі қабырғасының аралығында орналасқан, ол мұрын- көзжасы өзегі, canalis nasolacrimalis,арқылы көзұямен қатынасады. Бұл өзек көзжасы сүйегінің жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісімен қосылыуынан
түзіледі. Мұрын қалқасы мен кеуілжірлердің медиалды беттерінің арасында сагиттальды
саңылау түрінде орналасқан кеңістік жалпы мұрын жолын, meatus nasicommunis, құрады, ол ауыз қуысымен күректістік өзек,canalis incisivus, ал алдыңғы бассүйек шұңқырымен тесіктелген табақшаның тесіктері, laminacribrosa,арқылы қатынасады.
кесте. Мұрын қуысы қабырғалары мен сүйектік қалқасының құрылысы
Қабырға атауы
Қабырғаларды түзетін сүйектік құрылымдар
Қазақша атаулары
Латынша атаулары
Жоғарғы қабырғасы,
pariessuperior
- мұрын сүйектері;
-маңдай сүйектің мұрын бөлігі;
-ossanasalia;
-parsnasalia ossisfacialis;
-торлы сүйектің тесіктелген табақшасы;
-laminacribrosa
-сынатәрізді сүйектің денесі
ossisethmoidalis;
-corpusossissphenoidalis
Төменгі қабырғасы,
pariesinferior
-жоғарғы жақсүйектің таңдай өсіндісі (жұп);
-processuspalatinesmaxillae;
-laminahorizontalisossispalatini
-таңдай сүйектің горизонтальды табақшасы (жұп)
Латералды қабырғасы, parieslateralis
-жоғарғы жақсүйек денесінің мұрындық беті мен маңдай өсіндісі;
Сүйектік таңдай, palatinum osseum, бір-бірімен ортаңғы және көлденең таңдайлық жіктер, sutura palatina mediana et transversa, арқылы қосылған. Жоғарғы жақсүйектердің таңдай өсінділері мен таңдай сүйектің горизонтальды табақшасынан құрылған. Егер аталған жіктер
толық қалыптаспаса «қасқыр таңдайы» (волчъя пасть) fauxlupineseufissum,атты даму ақауы пайда болады. Бұндай жағдайда нәрестені сүтпен тамақтандыру тіптен мүмкін болмай қалады, себебі ауыздағы сүт
таңдай ақауы арқылы мұрын қуысына әрі қарай тыныс алу жолына өтеді. Ауыз қуысы иттіс өзегі, canalisincisivus, арқылы мұрын қуысымен, ал үлкен таңдайлық өзекпен, canalis palatinus major, қанат-таңдайлық шұңқырымен қатынасады.
Қатты таңдай түзілістеріне тамырлар мен нервтер кіші таңдайлық тесіктер арқылы жетеді. Ауыз қуысының қатынастарымен түзілістері 15-кестеде көрсетілген.