Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет46/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Шықшыт буыны
Шықшыт буыны, articulatio temporomandibularis, жұп, құрылымы бойынша кешенді, пішіні бойынша эллипстәрізді, кешенді болуына байланысты көп білікті буын ретінде қызмет атқарады және үйлесімді буын болып табылады. Буынды төменгі жақсүйек басы, caput mandibulae, және самай сүйектің төменгі жақсүйектік шұңқыры, fossa mandibularis, түзеді. Буын қапшығы, capsula articularis төменгі жақсүйектің айдаршықты өсіндісінің мойнына бекіп, самай сүйекке буындық төмпешіктің алдыңғы жағынан, артқы жағында тас-дабылдық саңылау деңгейінде бекиді.
Шықшыт буынының ерекшелігі оның ішінде буындық диск, discus articularis, бар. Бұл диск буындық беттердің конгруэнттілігін қамтамасыз етіп, буын қуысын екі қабатқа бөліп тұрады. Кейде дисктің тесігі болады.
Буынның бүйір жағында латералды байлам, ligamentum laterale, орналасқан. Ол самай сүйектің бассүйектік өсіндісінің негізінен басталып, артқа және төмен жүріп
төменгі жақсүйектің мойнына бекиді. Байлам төменгі жақсүйектің артқа жылжуын тежейді. Сонымен қатар буынды сынатәрізді-төменгі жақсүйек байламы, lig. sphenomandibulare, және біз-төменгі жақсүйек байламы, lig. stуlomandibulare, бекітеді. Бірінші байлам сынатәрізді сүйектің қылқанынан басталып төменгі жақсүйектің тілшігіне бекиді, екіншісі самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен басталып төменгі жақсүйектің артқы жиегінің ішкі бетіне бекиді. Шықшыт буынындағы қимылдар: 1) төменгі жақсүйекті түсіру (ауызды ашу) және көтеру (ауызды жабу) фронталды білік бойынша іске асады; 2) төменгі жақсүйекті алға жылжыту және артқа қайтару (фронталды білік айналасында); 3) бүйірлік қозғалыстар.
Төменгі жақсүйекті төмен түсіру үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде төменгі жақсүйек аздап қана түсіріледі: бұл қимыл буынның төменгі қабатында іске асады, яғни буындық бас аздап төмен жылжиды, диск орнында қалады. Екінші кезеңде төменгі жақсүйек айтарлықтай түсіріледі, бұл қимыл біруақытта жоғарғы және төменгі қабаттарда жүреді, яғни буындық диск төменгі жақсүйектің басымен бірге алға жылжып, буындық төмпешікке тіреледі. Үшінші кезеңде төменгі жақсүйек толығымен түседі, бұл қимыл төменгі қабатта іске асады, диск буындық төмпешікке тіреліп тұрады. Ауызды қатты ашқанда төменгі жақсүйектің шығып кетуі мүмкін, бұл жағдайда төменгі жақсүйектің басы буындық төмпешіктен алдыға сырғанап кетеді.
Төменгі жақсүйек алдыға жылжыған кезде қимыл төменгі және жоғарғы қабаттарда біруақытта іске асады: айдаршықты өсінділер буындық дискпен бірге жылжып буындық төмпешіктерге шығады.
Оң және сол жақтардағы буындарда төменгі жақсүйектердің бүйірлік қозғалыстары әртүрлі болады. Мысалы, төменгі жақсүйек оң жаққа жылжығанда оң жақтағы буында буындық бас вертикалды білік бойынша айналады (төменгі қабатта), сол жақтағы буында – буындық бас дискпен бірге төмпешікке шығады (қимыл жоғарғы қабатта өтеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет