Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет95/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Тарихи хроникалар
Шекспир тарихи хроникалар деп аталған драмаларына 
материалды негізінен, XVI ғасырдағы ағылшын тарихшысы 


241
Холиншедтің «Англия, Шотландия және Ирландия хроникаларынан» 
алды. Көне құжаттарда тарихи оқиғалар ертегі және аңыздармен 
араласып кеткен болатын. Оларда өзара феодалдық соғыстар және 
феодалдардың король билігіне қарсы көтерілістері суреттелген 
еді. Шекспир осы мұраларды үйреніп, тарихи оқиғалардың 
негізгі тенденцияларын түсініп, оларды баяндау жолдарын 
табады. Аңыздардан шынайы оқиғалардың мазмұнын ашу үшін 
пайдаланады.
Монархияны феодалдық анархияға қарсы қойған Шекспир 
«мемлекетке күшті және әділетті, халықшыл король басшылық 
етсін, егер мемлекетті билеуші басшы өте қабілетті болмаса, тез 
арада тақтан түсірілуі керек» деген пікірді жақтады. «Ричард II» 
хроникасында қабілетсіз, сотқар, даңққа берілген, залым король 
көрсетіледі. Ол айналасына арамтамақтарды жинайды, адал
жандарды, сонымен бірге жас Болингброкты да қуғындайды. 
Осындай әділетсіз әрекеттердің себебінен оған қарсы көтеріліс 
туып, тақтан түсуге мәжбүр болады.
Хроникаларында суреттелген корольдер жазушы ойлағандай 
жандар емес. Шекспирдің реалистік қаламы оның ойынан біраз 
ілгері. «Король Жон - қылмыскер, зұлым, Ричард II - атаққұмар, 
қабілетсіз, Генрих IV - өзімшіл, жауыз. Елді Генрих V сияқты 
билеушілер басқаруы керек», деп Шекспир оны барша корольдерге 
үлгі етіп көрсетеді. Алғашқы пьесаларының қатарына жататын 
«Генрих VI» мен «Ричард ІІІ»-де мемлекетті апатқа алып келген
феодалдық соғыстар айыпталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет