Пәні
|
Математика
|
Сынып
|
5
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Жумаханова Ж.Б.
|
Оқулық
|
«Математика» Автор: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов. Алматы «Атамұра» 2017
|
Сабақ тақырыбы
|
Проценттер
|
Оқу мақсаты
(қысқаша)
|
5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру;
5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ;
|
Бағалау критерийі
|
Пайыз ұғымын біледі;
Бөлшекті пайызға айналдыруды біледі;
Пайызды бөлшекке түрлендіруді біледі.
|
Іс-әрекет реті
|
Ресурстар
|
|
Мағынаны таны
|
1. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/5-synyp/pajyz?mid=edba1c40-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
2. Ютуб каналында «Проценттер» тақырыбында видео мына сілтемеде : https://www.youtube.com/watch?v=0AWETkQZjFU
3. Оқулықта 111-беттегі «Процент» тақырыбы.
Конспект: Жалпы өмірде процент ұғымы көп кездеседі. Мысалы, оқушылардың үлгерімі, шамалардың өзгеруі, экономиканың, өндірістің дамуы немесе төмендеуі проценттер арқылы беріледі.
Бір процент – жүзден бір бөлік.
Кез келген шаманың (санның) жүзден бір бөлігін «бір процент» деп атау қабылданған. Мысалы, 1сантиметр 1метрдің .
Математикада «процент» сөзінің орнына белгісі жазылады. Мысалы, «20 процент» – 20%, 15% - он бес процент деп оқылады.
1 бүтін шаманы – 100% деп санайды.
Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін процент белгісі (%) алдындағы санды 100–ге бөлу керек.
Мысалы,
Мысалы: Сыныптағы оқушылардың – сі үздіктер. Сыныптың неше проценті үздіктер?
Шешуі:
Жауабы: сыныптың -і үздік.
Демек, бөлшегін процент түрінде жазу үшін
Жалпы түрде
Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін, оны 100–ге көбейтіп, «%» белгісін тіркеп жазу керек.
Мысалы,
|
|
Жауап бер
|
Бір процент дегеніміз не?
Берілген санның 1%-і қалай табылады?
Процент бөлшекпен қалай жазылады?
Бөлшек процентпен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.
|
|
Орында
|
№1. Проценттерді жай бөлшектермен жаз: 21%; 5,4%; 45%; 105%; 210%
№2. Бөлшектерді процентпен жазыңдар:
; ; ; ;0,04; 0,75.
№3. Тұз ерітіндісінің құрамында 15%-і тұз. Ерітіндінің неше бөлігі тұз?
№4. Кітапханадағы кітаптардың -і әдеби кітаптар. Әдеби кітаптар неше процент?
|
|
Рефлексия
|
Мен бүгін процентке берілген есептерді шығаруды білдім.
|
|
Мен енді процентке берілген мәселе есептерді шығаруды білемін.
|
|
Кері байланыс: Дәптерге орындап, фотоға түсіріп, Күнделік.кз немесе WhatsApp арқылы жіберу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |