Оқулық математиканы оқытуда оқу процесін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып қызмет етеді және мемлекеттік бағдарламаға сәйкестендіріліп түзілген болады.
Оқулық оқытушыға өзінің жұмысын рационал түрде жоспарлауға көмек береді. Өйткені ол кез келген тақрыптың оқу материалын нығайтуды ашып береді, материалды үйрену үшін дайындықты өз уақытында қамтиды, сондай-ақ бұрын өтілген материалды жүйелі түрде және үздіксіз дамытудың, қайталаудың көзі болып табылады.
Оқулықтың мазмұынына енетін сұрақтар бағдарламада берілген болуы тиіс. Оқулықтың басты ерекшелігі бағларламаның талабын ашуы, оны тиянақтытеуі, бағдарламада берілген сұрақтар қай деңгейде қаралуын өзінде көрсетуі керек.
Мысалы, 2-сыныптың бағдарламасында “теңдей екі бөлікке бөлу және мазмұны бойынша бөлу, оны жалпыландыру” деген тақырыптың оқулықта берілуін алсақ, оны баяндауда кішігірім қатеге жол беру мүмкін. Оқытушы бұл тақырыптың мазмұнын мұқият түсінбесе, оқушыларға тақырыпта берілген екі жағдайды: теңдей екі бөлікке бөлу және мазмұны бойынша бөлу сұрақтарын дұрыс түсіндіре алмаған болады. Көп сандағы мысалдарды шешу арқылы да сандарды теңдей екіге бөлудегі пікірлерді түсіндіре алмауы мүмкін.
Шынында да оқулықта мәселелер шешілуінің мұндай түрлеріне арнаулы бөлім ажыратылмаған, еш жерде бұған ұқсас сұрақ пен міндеттер ажыратып көрсетілмеген.
IV сыныптың бағдарламасынан тағы бір мысал келтірейік. Бағдарламада “миллиондар сыныбының ішінде жазбаша немесе ауызша номерлеу” деген тақырып бар. Бірақ бұл тақырыпқа алуан түрдегі сұрақтардың жиынтығы кіреді. IV сыныптың оқушылармен жұмыс жүргізуде қайсы сұрақтардың негізгі болуы, қайсылары жол-жөнекей қосылып түсіндірілуі, қайсы сұрақтардың негізгі орнын иелеу қажеттігін оқулық көрсетіп беруі қажет.
Сондай-ақ, оқулық бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мазмұнын бағдарламаның талабына орай анықтайды.
Оқулық көбінесе бағдарламадағы арнаулы сұрақтарды оқытудың ретін анықтайды, бағдарламаның талабымен түзіледі.
Ал, бағдарлама курстың құрылым жүйесін толығымен ашып береді (негізгі тақырыптарды оқу және бөлу), кейде тақырыптардың ішінде орналасу жүйесін көрсетеді. Бірақ бағдарлама әр тақырыптың оқыту методикасын ашуын көрсетпейді, себебі олардың мазмұны оқулықта баяндалады.
Мысалы, 1-сынып бьағдарламасында “10 ішінде қосу кестесі, 10 ішінде азайту”, деп атап жалпыланған бақыт берілген.
Ал оқулықта “10 ішінде қосу және азайтудың” әртүрлі жағдайларымен оқытушылар жүйелі түрде оқушыларды таныстарады.
Сөйтіп, бастауыш сынып математикасы курсының құрылу жүйесі оқулықпен бағдарламаның үздіксіз байланыстылығының негізінде түзілген.
Сондай-ақ, оқулық бағдарламасындағы түсіндіру хатында баяндалған негізгі методикалық нұсқауларды ашады. Оқулық оқыту процесінде теориялық және практиканың өзара байланыстылық талабын ашудың нақты жолдарын көрсетеді. Бастауыш сыныптың математикасы I-IV сыныпқа арналған оқулықтарда беріліп, оған мақсатқа сай болған мысал және мәселелер, жаттығулар, сұрақтар мен тапсырмалар, бағдарлама өз ішіне алған теориялық сұрақтар, білім мен біліктіліктеріді қалыптастыру жолдары енгізіледі.
Дидактикалық білімдерді жүйелі нығайту мақсатында жаттығулардың жиынтығын уақытқа қарап бөлу, оларды түрлі жағдайларда қолдану сияқты материалдар беріледі.
Оқулықта ұсынылатын жаттығулар өзара байланыста, курстың әртүрлі сұрақтарымен арнайы түрде түзіледі.
Оқулықта мынадай материалдар берілуі мүмкін, оны оқушының өзі бұрыннан қолданған болады, бағдарламада оны орындау керек делінген болса да, оған байланысты түрде оқулықта сол материалға жақын болған қосымша метраилдар берілмейді. Мұны оқушыға ұқтыру қажет.
Мысалы, бағдарламада I сыныптың бірінші жарты жылдық бойынша материалдарды оқу біліктіліктері беріледі. Ал оқулықта арифметикалық материалдар екінші жарты жылдықта беріледі. Соған қатысты мәселелер оқулықта оқу жылының басынан бастап берілуі қажет. Бұл жағдайда оқытушының өзі оқушыларына сай етіп, мәселенің мәтінін түзу қажет.
Әр сыныпқа арналған оқулық ауызша есептеудің тәсілдерімен біліктілікті пайда етуге арналған жеткілікті жаттығуларды өз ішіне алады. Бірақ бұлардың оқушыларға жылдам және дұрыс іскерлік беретінін таңдау тиіс. Оқулықтың материалы әртүрлі ауызша жаттығулар, басқа оқу көздерінен пайдаланған материалдармен толықтырылып барылуы тиіс.
Бағдарламаның әр сұрағына тиісті болған жеткілікті және қажетті жаттығулардың санын оқытушының өзі таңдауы мүмкін, қашанда бұл оқытушы тапсырылған жаттығуларды шешу мүмкіндігін толығымен білсе. Кейбір жағдайларда оқытушы оқулықтан пайдаланған жаттығуларды және қолданады. Мұнда бұл жаттығулар оқушылар жағынан жақсы меңгерілгені үшін оған оқушылар қызықпайды.
Бұл мәселеде оқулықта қосымша түрде қолданбаның болуы үлкен пайда береді. Жаттығулар жүйесін таңдауда оқулық оқытушы үшін негізгі мекен болып қызмет етуі қажет. Бұл жүйенің құрылуында бағдарламаның барлық талаптарын орындау үшін жағдай жасалған болуы тиіс. Мысал, мұндай күрделі мәселенің шешілуі оқулықтың құрамдық түзілуіне мойынсұнуы қажет.