Экономикалық тәрбие
– тұлғаны экономикалық білімдер негіздерімен
қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас,
бөлісу және тұтыну аумағындағы негізгі экономикалық қатынастарды
тәжірибеде меңгерту.
Дене тәрбиесі
–
тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту
процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты
жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды
қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Отбасы тәрбиесі
– болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның
бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму
ортасы.
Отбасы тәрбиесі тәрбиеленушілердің отбасындағы адамгершілік негіздерді
игеруіне, отбасы қатынастары мәдениетін, ұлттық отбасы дәстүрлерін, толық
отбасын құру үшін денсаулықтың бірегейлігі түсінігін қалыптастыруына,
балаларына тәрбие ықпалдылығын қамтамасыз ету үшін ата-аналармен
ынтымақтастық қатынас құруға, ата-аналардың өз міндетін табысты атқаруына
ықпал ететін функционалдық сауаттылығын қалыптастыруына бағытталған.
Адагершілік тәрбиесі – тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі.
Жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін
маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |