226
Жаңа білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің басты мақсаты –өзінің
және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, өзгермелі даму
үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті,
шығармашыл, зияткер тұлғаны тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру
(96-сурет).
Бағалау бойынша нормативтік құжаттарда бірыңғай стандартталған
талаптардың болмауынан мектептер бағалау бойынша өздерінің жеке жергілікті
құжаттарын әзірлеуге мәжбүр болады. Нормативтік-құқықтық құжаттарда
оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалаудың бірыңғай стандартталған
тетіктерінің болмауы бағалаудың объективтілігі мен ашықтығының жоқтығына
әкеледі.
Білім берудің құнды мәнін арттырудың арқасында оқушы үйренеді:
•
Отан алдындағы өз міндеттерін орындау үшін және Қазақстанның
дамуына үлес қосу мақсатында жауапты болуды, белсенді азаматтық
ұстанымын көрсетуді;
•
қоғамдық өмірде сенімді шешім қабылдауда және оны жасауға қатысуда
шығармашыл болуды әрі сын тұрғысынан ойлай білуді, өзгерістерге икемділікті
және дайын болуын көрсетуді;
•
ұжымда, кез келген ортада ақпараттық-коммуникациялық құралдарды
қолдана отырып, жұмыс істеу мақсатында коммуникативті болуды;
•
қоршаған ортаның шынайылығын объективті түрде көрсету үшін
мәдениет пен пікірлерге сыйластық танытуды;
•
өзіңе және басқаларға сыйластықпен қарау үшін достық ниетте және
қамқоршы болуды;
•
кез келген өмірлік жағдайда өзіңнің танымдық процесіңді өзің реттеуге
және өзіңнің мансабыңның өсуі үшін өмір бойы оқуға дайын болуды.
Достарыңызбен бөлісу: