239
керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін
айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты
оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді.
Кіріспе әңгімеде мұғалім әкскурсияның мақсатын айтады, содан кейін
оқушылар объектілерді қарап, тапсырманы орындауға кіріседі; сурет салады,
жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды.
Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен ұштастырады.
Оқушылардың бақылауларына басшылық етеді.
Экскурсияның соңында
мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, қорытынды әңгіме болады.
Керек жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды. Экскурсия
материалдарын кіріктіріп сабақ өткізуге болады.
Мектепте өтетін экскурсиялар оқытудың тиімді формасы болғандықтан,
оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағдыларын қалыптастырады.
Ол үшін экскурсияларға тапсырмалар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп отыру
керек.
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге
үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді.
Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын
түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға,
адамның
еңбегінің
сұлулығын
сезінуге
үйретеді.
Практикумдар
арқылы оқушылар тәжірибелік, зертхана жұмыстарды өз
беттерімен орындайды. Олар оқу курстарының ірі бөлімдерін оқыған соң
өткізіледі, сонымен қатар теориялық материалды тәжірибеде көрсету үшін де
өткізуге болады.
Практикум 2-3 апта өтеді. Мұғалім сыныпты 2-3 оқушыдан тұратын
топтарға бөледі. Әрбір топ бір-біріне ұқсамайтын зертханалық және
тәжірибелік жұмыстарды арнайы сабақ кестесі бойынша орындайды.
Практикум өткізер алдында кіріспе дәріс және нұсқау берілетін сабақ өтеді.
Практикум кезінде оқушылардың тірек білімдерін жаңғырту тәсілдері
қолданылады.
Оқушылардың іс-әрекетін басқару: жұмыс істеу ережелерін,
қажетті
материалды қайталату; зертханалық жабдықтарды суреттеу; оның қалай жұмыс
істейтінін, тапсырмаларды орындау тәртібін білу; тақырып бойынша бақылау
сұрақтарын
және
қосымша
әдебиеттердің
тізімін
жасау.
Жұмысты
алгоритм
бойынша
істегенмен,
шығармашылық,
зерттеу
жұмыстарын да жүргізуге болады. Белгілі бір заңдылықтар, теориялардың
шындыққа
сәйкестігі
тексеріледі.
Тұрақты
шамалар
өлшенеді.
Практикум кезінде оқушылар шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды
орындайды; химиядан тәжірибе өткізеді, сызба жұмыстарын жасап, физикалық,
биологиялық, әлеуметтік, тарихи, фенологиялық зерттеулер жүргізеді.
Семинар сабағы
.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция
тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың
танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін
шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып
сұрақтарына сай пікір алмасу, өз
240
көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын
қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің
қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға
мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар
жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға
қатысты, ондағы бар негізі ойларды қамтып, конспект құрады. Семинар сабағы
оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып,
талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады,
олармен ақылдаса отырып, оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық
ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Сынақ сабағы.
Сынақ сабақтарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі
мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту,
оқыту
процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктері, жауапкершілігі, дербестігін
орнықтыру. Сынақ сабақтары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу
жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ сабағы ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын
оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары
мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке
дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді
оқу тапсырылады және
қосымша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және
топтық практикалық-зертханалық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма
және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: