Сабақты ұйымдастыру кезеңдері:
Сабақты ұйымдастыру бөлімі: сабақтың тақырыбын белгілеп, оның
мақсат, міндеттерін тұжырымдау.
Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
Жаңа білімді пысықтау, бекіту: ауызша, жазбаша жаттығулар жасау,
тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақтарды жіктеу.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) – сабақтарды
құрылысы
жөнінен
топастыру,
түрге
бөлу.
Дидактикада
сабақ
классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Сабақты жіктеу әрбір
пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де
байланысты болып келеді. Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу
материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай
белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал,
М.А.Данилов пен Б.П.Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына
қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әртүрлі
болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді (101-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |