Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сабақтың ұйымдастырылуын және құрылымын талдау



Pdf көрінісі
бет393/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Сабақтың ұйымдастырылуын және құрылымын талдау: 
1.
Сабақтың мақсаты мен типіне сабақтың құрылымының сай келуі. 
2.
Сабақ кезеңдерінің байланысы және логикалық жүйелілік. 
3.
Сабақтың кезеңдері бойынша уақыттың бөлінуі. 
4.
Құрылғылардың және бөлменің сабаққа лайықты жабдықталуы. 
5.
Қатысушылардың 
және 
оқытушының 
жұмысының 
ғылыми 
ұйымдастырылуы. 
6.
Сабақтың басынан аяғына дейінгі ұйымдастырылуы. 
7.
Жоспардың мазмұны және оның орындалу деңгейі. 
Сабаққа психологиялық талдау жүргізу: 
1.
Сабақ басталу алдында және сабақ барысындағы қатысушылардың 
психологиялық жағдайы (сабаққа дайындығы, жинақылық, көңіл-күй және оның 
себептері, сабақтың барысына орын алған көңіл- күйдің себептері). 
2.
Зейіннің дамуы, тұрақтылығы, зейінді аудару әдіс-тәсілдері және оның 
тұрақтылығын арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер. Зейіннің бөлінуі
жағдайында оның себептерін анықтау, арнайы не арнайы емес зейіннің пайда 
болуы. 
3.
Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту жаттығулары: сабақты 
ұйымдастыру барлық естің түрлерін дамытуға септігін тигізуі қажет.
4.
Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру: проблемалық жағдаяттардан 
шыға алуы, жаңа білімді қолдана алуы. 
5.
Оқушылардың қабылдау процесін ұйымдастыру. 
6.
Қатысушыларды эмоциялық еліктіре білу, оқу процесі не бүкіл есеп 
ойлау іс-әрекетінің негізінде қалыптасады.
7.
Сабақ балалар ұжымына және баланың жеке басының дамуына ықпал 
етті ме? 
8.
Оқытушының жас ерекшелік жөнінде дегі білімі және психологиялық 
байланысы, оқытушы сабақ барысын қалай жүргізеді, педагогикалық такт. 
Сабақты талдау өзіндік талдаудан басталады. Сабақ талдауды соңынан, 
нәтижесінен бастайды. Сабақты талдауда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін 
салыстыра отырып, үйлесімді көрсеткен жөн. Сабақты жүйелі талдау 
мұғалімнің шығармашылық өсуіне өз себебін тигізеді, сондықтан да сабақты 
талдауға үлкен мән берілуі қажет. 
Өзіндік талдау – мұғалімнен өз сабағын өзі талдауы. Өзіндік талдаусыз 
мұғалімнің белгілі бір табыстарға қол жеткізіп, оның шығармашылық биіктерге 
көтерілуі қиын. Педагог жаңаша жұмыс істеу және тұлға ретінде өзгеру 
қажеттілігін түсінген жағдайда, даму ешқандай кедергілерсіз алға жылжи алады. 
Рефлексия, өзіндік талдау – мұғалімнің өзіндік дамуын ілгері жылжытатын ең 
тиімді тәсіл. 


263 
Өзіндік талдаусыз озық тәжірибе мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырып 
өз жұмысының сапасын жақсарту мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет