299
Технология нақты күтілетін нәтижеге кепілдік беретін педагогикалық
бағдар мен құндылыққа негізделеді.
Технология жеке тұлғаның дара, дербес ерекшеліктерін ескеретін
мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқан іс-әрекеттер қызметін
көздейді.
Педагогикалық технология
–
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық
мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара,
инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен
жиынтығының жүйесі, жобасы.
Ғалым Л.А.Чепляева өзінің зерттеуінде оқыту технологияларын жүзеге
асыруда тұлғаның төмендегідей сапалық ерекшеліктерін ұсынады:
танымдық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері: ойлау, зейін,
елестету, қабылдау, зерделеу, сөйлесу;
жеке тұлғаның әлеуметтік типінің ерекшеліктері: жоғары нерв
жүйесінің типі, темперамент, мінез, күш-жігер (интеллектілік, адамгершілік,
мәдени, іскерлік және т.б.).
15-кестеде «әдістеме» мен «технология» ұғымдарының салыстырмалы
сипаттамасы берілді.
Оқыту технологиясы оқыту әдісі мен ұйымдастыру формасын қамтитын
дидактикалық негіз бен әдіс пен құралдарды қамтитын педагогикалық
техникадан тұратын жүйе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: