417
Жетілген эритроциттердің ядролары болмайды, сондықтан
белок синтезделмейді. [2].
Эритроциттерде
митохондрия болмайды, сол себепті клеткада
ҮКҚЦ, тіндік тыныс алу (ТТА), биологиялық тотығу, май
қышқылдарының β-тотығу реакциялары жүрмейді.
Энергия алудың негізгі жолы гликолиз, эритроцитте
глюкозаның 90% анаэробты гликолиз процесі арқылы ыдырайды.
Гликолизден түзілген энергия плазматикалық мембранның
бүтіндігін және Nа
+
,K
+
- АТФ-азаның жұмысын қамтамасыз етуге
жұмсалады. [2].
(11.3).
Эритроциттерде жүретін гликолиздің ерекшелігі: оттегіні
тасымалдаудағы реттеушілердің бірі болып табылатын
418
2,3 - дифосфоглицераттың түзілуіне әкелетін, шунттың болуы.
Ол гемоглобинмен байланысу кезінде гемоглобиннің оттегіге
туыстығын төмендетеді және оттегінің эритроциттерден босап,
тіндерге шығуын жеңілдетеді.
Классикалық «гликолиз» реакциялары кезінде түзілмейтін,
2,3-дифосфоглицераттың түзілу реакциясы Раппопорт шунты
деп аталады. (11.3). [164]
10% глюкоза эритроцитте пентозафосфатты жолмен
ыдырайды, тотығудан түзілетін НАДФН глутатионның
тотықсыздануын және оның оптимальді концентрациясын
қалыпты ұстап тұруды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Тотықсызданған глутатион белок молекуласындағы SH-
тобын тотықсызданған түрінде сақтайды, яғни тотығуына кедергі
жасайды. Ол гемоглобинді тотығудан қорғайды. Мембрана
липидтерін перекисті тотығудан сақтайды. Тотықсызданған
глутатионның концентрациясы төмендегенде, эритроциттер тез
қажиды. Бір эритроцит құрамында 1 миллиондай гемоглобин (Нв)
болады және Нв тек эритроциттің құрамында қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: