448
12 тарау. Дәнекер тіндерінің биохимиясы
12.1. Жалпы сипаттама
Дәнекер тіндері клетка және аралық заттардан тұрады. Клетка
аралық заттар дәнекер тіндердің негізгі қасиеттерін анықтайды.
Эпителий мен дәнекер тіндері арасында базальды мембрана
орналасқан. Дәнекер тіндердің басқа тіндерден айырмашылығы,
клеткалық элементтерге қарағанда, олардың клетка аралық заттары
көп болады. [34].
Дәнекер тіндердің клеткалық элементтері: фибробласттар,
семіз клеткалар, плазматикалық клеткалар және т.б.
Дәнекер
тіндердің
клетка
аралық
заттарына
биомолекулалардың үш класы біріктірілген:
1. құрылымдық белоктар (коллаген, эластин);
2. маманданған белоктар (фибриллин, фибронектин, ламинин);
3. протеогликандар ( гликозаминдер-ГАГ-тар);
1) Тығыз дәнекер тіні. (12.1)
2) Майлы тін (дәнекер тін).
3) Ареолярлы тін (дәнекер тін).
4) Ықшам сүйек (дәнекер тін).
5) Қан (дәнекер тін).
450
талшықтар жатады. Бұл белокты-талшықты құрылымдар, клетка
аралық субстанциялардың қоршауында орналасқан.
Дәнекр тіндер клетка аралық заттарға бай және олардың
химиялық құрамы өте күрделі болады. [1].
Достарыңызбен бөлісу: