Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет420/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Жұлын сұйықтығы.
Жұлын 
сұйықтығының (ликвор немесе цереброспинальды 
сұйықтық), құрамы төмендегі кесте берілген. ( 15.10). [15]. 
Ересек адамда ликвордың жалпы мөлшері 100-150 мл, балаларда 80 - 
90 мл құрайды. Сұйықтықтың пайда болу жылдамдығы тәулігіне 
350-750 мл көлемінде ауытқиды.. Ликвор тәулігіне 3-7 рет, көбінесе 
3,5 рет жаңартылады. 
Ликвор жүйесіндегі ликвордың таратылуы: 
- бүйір қарыншаларында - 20-30 мл 
- 3 және 4 қарыншаларда - 3-5 мл 
- мидың субарахноидальды кеңістігінде - 20-30 мл 
- жұлынның субарахноидальды кеңістігінде - 50-70 мл 
Кесте (15.10.). 
Көрсеткіші 
Концентрациясы 
Саны 
Мөлдірлігі 
Су 
Тығыз тұнба 
Органикалық заттар 
Жалпы белок 
Альбуминдер 
Глобулиндер 
Глюкоза 
Органикалық емес заттар 
Натрий 
Калий 
Хлорид 
Кальций 
100 - 150 мл 
Түссіз, мөлдір 
99 % 
1% - 10 г / л 
2-2,4 г/л 
0,15-0,33 г/л 
0,12-0,26 г/л 
0,03-0,06 г/л 
2,50-4,15 ммоль/л 
7,6-8,0 г/л 
135 - 150 ммоль/л 
2,3-4,3 ммоль/л 
120-130 ммоль/л 
1,2-1.6 ммоль/л 

Жұлын сұйықтығының құрамы
Жұлын сұйықтығының қызметтері: 
1. Мидың механикалық қорғанысы. 
2. Экскреторлық қызметі - метаболиттерді мидан шығару. 
3. Әртүрлі биологиялық белсенді заттарды тасымалдау. 
4. Мидың қоршаған ортасын бақылау: 
- қан құрамының тез өзгеруіндегі буферлік рөлі; 
- иондар мен рН-ың оптимальды концентрациясын реттеу


533 
және ОЖЖ қалыпты қозғыштығын қамтамасыз ету; 
- арнайы иммунобиологиялық қорғаныш барьері болып табылады. 
Есте сақтау қабілетінің нейрохимиялық негіздері. 
Адамның жады әрі күрделі, әрі жеткілікті зерттелмеген процесс. 
Адамның жады - ақпаратты түсіріп алу, сақтау және келіп түскен
ақпаратты алу сияқты кезеңдерді қамтиды. Бұл фазалардың барлығы 
бір - бірімен тығыз байланысты, көбінесе есте сақтау функцияларын 
талдау жасағанда оларды ажырату қиынға соғады. 
Есте сақтаудың биологиялық 4 түрлері белгілі. Олар: 
1. Генетикалық; 
2. Эпигенетикалық;
3. Иммунологиялық;
4. Неврологиялық деп бөлінеді. Соңғысы кейде психикалық немесе 
жеке деп те аталады. Қазіргі уақытта неврологиялық есте сақтау үш 
кезеңге бөлінеді:
1. Қысқа мерзімді есте сақтау (ұзақтығы бірнеше миллисекундтан 
минутқа дейін).
2. Аралық (бірнеше секундтан бірнеше сағатқа дейін).
3. Ұзақ мерзімді есте сақтау (жылдар, он жылдық, және өмір бойы). 
Нейрологиялық жады күрделі жүйелі ұйымдасқан және мидың
белгілі бір аймақтарында қатаң локализацияланбаған болып келеді. 
Заманауи көзқарастарға сәйкес жад іздері (энграмма мидағы 
жағдайдың өзгеруі түрінде синаптикалық аппаратта жазылады, 
осының нәтижесінде белгілі бір жүйке жолдары арқылы қозу өтеді 
Ақпаратты қабылдағаннан кейін, оны еске түсіру және бекіту 
процесінде , мида бірқатар нейрохимиялық процестердің өзгерістері 
орын алады. кезеңдерде, Қысқа мерзімді еске сақтау сатысының 
бірінші кезеңінде пептидті және "классикалық" медиаторлар 
концентрацияның өзгеруі мен шығарылуына байланысты
синапстың қызметінде "жылдам" өзгерістер орын алады. Әрі қарай,
бірнеше секундтан бірнеше тәулік аралығында кең спектрлі 
нейрохимиялық 
процестер орын 
алады. 
Бұл 
кезде 
нейроспецификалық белоктардың құрамы мен құрылымы өзгереді,
атап айтқанда олардың фосфорлану дәрежесінің өзгеруі, сондай-ақ, 
РНҚ синтезінің модификациясы жүреді. 
Өмір бойына ұзақ мерзімге есте сақтауды қалыптастыру үшін
жаңа биополимерлердің синтезі тұрақты жүріп тұруы қажет. Осы іске
асу үшін, жұмыс істейтін геном аймақтары жаңадан тұрақты 
түрленуі, қайта құрылуы арқылы орындалуы мүмкін. Соңғысы ДНҚ 


534 
құрылымының өзгеруінен немесе әрдайым репрессорлар мен 
транскриптондар дерепрессорларының тұрақты синтезделуі үшін
тұрақты циклдердің түзілуі қажет. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді есте 
сақтауды қалыптастыруға иммунологиялық механизмдер қатысады, 
осының арқасында мида антидене тәрізді қосылыстар синтезделеді. 
Бұл қосылыстар ұзақ уақыт бойы белгілі бір жүйке жолдарында 
синапстардың қызметін түрлендіруге қабілетті болуы мүмкін. Адам 
жадын қалыптастыру механизмдерінде "классикалық" және де 
медиаторлар мен нейромодуляторлардың қызметін атқаратын 
нейропептидтер көп мөлшерде қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет