ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Жамбыл Жабаев "Зілді бұйрық" шығармасындағыдәуір шындығы.
Орхон-Енисей ескерткіштері жазбаларындағы елдік тақырыбы
Уақыт – алтын қазына
Эссе тақырыптарының біреуі – қазақ тілі, екеуі – қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасына сәйкес таңдалған.
ІІ тапсырма
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
№
|
Пән атауы
|
Мазмұны
|
1
|
Қазақ әдебиеті
|
...Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды.
Мың-мың жылқы айдаған,
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған,
Арқаның жазын қашырған,
Жылқының етін жемес - ті,
Жағаласқан мына жау
Кетірер сонда сиқыңды. Үзінді қай шығармадан келтірілген? Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз, көркемдегіш құралдарын табыңыз.
|
2.
|
Қазақ тілі
|
Етістіктің шақ түрлері, рай түрлерінтүсіндіріңіз, мысал келтіріңіз
|
3.
|
Қазақ тілі
|
Мәтіннен факті мен көзқарасты ажыратып, дәлел келтіре отырып стилін анықтаңыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |