Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет36/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

3-тапсырма.
Мәтінді оқып, ондағы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне 
себепші болған жағдайларды тауып айтыңыздар. Сұрақтарға жауап 
беріңіздер. 
ТӘРБИЕДЕН – ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ


52
Данышпанға бір адам келіп, көмек сұрайды.
– Үйіңде ештеңе жоқ па, – дейді данышпен. 
Бір жағын астымызға төсеп, екінші жағын жамылып жүрген 
жалғыз көрпеміз, су ішетін бір ыдысымыз ғана бар, – дейді.
Данышпан:
– Мына кісінің заттарын сатып алатын адам бар ма?
– Мен бір динар беремін, – дейді біреу.
– Одан көп беретін кісі бар ма?
Мен екі динар беремін, – депті екінші бір адам.
Данышпан заттарды сол екі динарға сатып, әлгі адамға: 
– Бір динарға отбасыңмен жейтін бір нәрсе сатып ал, тағы бір 
динарға бір балта сатып алып маған кел, – дейді.
Балтаны алып келген соң:
– Енді таудан отын кесіп әкеліп сат. Он бес күннен кейін келерсің, 
– дейді.
Он бес күннен кейін келген әлгі адамның жүзі жадыраңқы көрінеді. 
Ол күніне бір динарға отын сатып, жартысын тамақ, жартысын 
киім етіпті.
Сонда данышпан:
– Осылай еңбек етіп тапқан нәпақаң қайыршылықтан мың есе 
артық. Қолынан іс келетін адам тілемсектеніп, өмірде ұятты 
болғанша, еңбегін етіп, адал өмір кешкені дұрыс, – депті (Шығыс 
аңызы).
• 
Данышпанның адамға берген көмегінен нені аңғаруға болады? 
Ол адамға тағы да қалай көмектесе алатын еді?
• 
Адамның жаңаша жақсы өмір сүруіне кім (не) себепші болды? 
Қалай? 
Әр адам өмірдегі өз орнын, өз ұстанымын, мақсаттары 
мен оларды қалай жүзеге асырып жүргенін саналылықпен 
ұғынуы тиіс. Ол үшін адам өзіне сын көзқараспен қарап
өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай біліп, өзін-
өзі танып, мақсатын анықтап, байқап, бағалай алуы керек. 
Сонда адам барлық жерде өзіне, қарым-қатынасына сын 
көзбен қарауға үйренеді. Ойын, сөзін, ісін жүйелі түрде 
реттеп, жақсылыққа бағыттап, бойындағы жақсы қасиеттерін 
жетілдіріп, кемшіліктерін жоюға деген саналы және мақсатты 
іс-әрекет жасауы арқылы адам өзін-өзі тәрбиелейді. 
ТӘРБИЕДЕН – ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ


53
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет