П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет134/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   272
Түйін сөз: сауық, шығармашылық, ойын, ғұрып, дәстүр, ұйымдастыру, мереке.


Мәдени-тынығу жұмысы адамзат қоғамдасу кезеңінен бастап бүгінге дейін рухани сұранысты өтеуші, қарым-қатынастарды реттеуші, мәдени мұраны сақтаушы, өміртіршілік құндылықтарды дамытушы,көркемөнерлерді шыңдаушы қажеттіліктерді өтеп келеді. Көне заманнан бүгінгі жасанды интеллект арқылы тіршілік қажеттерін жаңарту кезеңінде де жеке тұлға, ұжым,қоғам өз өміріндегі басты белеңдерді ескерусіз қалдырмай келуі мәдени - тынығу жұмысының барлық салаларындағы еңбек нәтижелері көрініс табатын, тұрақты қатынасушылар мен демалысын анда-санда қана мәдени мекемелерінде өткізетін адамдарға да өзіндік әсер ете алатын мерекелер мен салт-дәстүрлердің мәдени сабақтастығы сақтаудың басты құралы екенін дәлелдейді. Ғасырлар бойы қалыптасқан тарихында қазақ халқы да өз мәдени ерекшеліктері дамып,мәдени ұстанымдардың барлығын десе де болады, бір ортаға жинақтаған мерекелер мен салт-дәстүрлер сақтаған. Тарихи- экономикалық, тарихи-әлеуметтік өзгерістер мерекелер мен салт-дәстүрлердің жаңа формаларын қалыптастырып, мазмұнын заман талабына сай өрбітіп, өзіндік дүниетанымдық белгілерін ғана сақтап келген [1,б.207 ].
Халықтың әлеуметтік-мәдени және рухани құндылықтары, дәстүрлері адамның азамат болып қалыптасуында, оның адамгершілік және еңбек қасиеттерін қалыптастыруда, тұтас алғанда жеке адамды әлеуметтендіруде әрдайым маңызды роль атқарған.
Қоғамды жаңғырту, республиканың егеміндікке ие болуы жағдайында, біздің қоғамыздың тарихы, оның көптеген әлеуметтік қызметтін қайта ой елегінен өткізіліп жатқан кезде халықтың рухани өмірінің өз кезінде ұмытылған немесе тиым салынған құбылыстары қайтып оралуда, өткеннің мәдени тарихи мұрасын қайта өркендету қазіргі заманның аса көкейкесті проблемаларының біріне айналып отыр. Осы компоненттерінің бірі өзінің аса бай дәстүрлері және өскелең ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі бар этникалық педагогика болып табылады. Педагогикалық мәдениетті білу, оны ой елегінен өткізу және ұқсату қазіргі жағдайларда ұрпақ тәрбиелеудің күрделі проблемаларын ойдағыдай шешуге көмектеседі [4,б.3].
ХХI ғасыр мәдениеттің даму процесіне өзіндік ықпалын ала келді. Оның басты мақсаты мәдени-тынығу әрекеттер дамуының тарихи мәдени сабақтастығын жалғастыру қажеттілігіне байланысты. Мәдени-тынығу жұмысының дамуына ықпал етуші саяси экономикалық жағдаят. Өркениет-тілер көшінен кейін қалмай, өзіндік сара жолды таңдай білген Қазақстанда мерекелейтін қуанышты уақиғалар баршылық. Олар жаңа мәдени орталық-тардың ашылуы, қоршаған ортаны көркейуі, Елорданың қарқындап көтерілуі, ауылдық жерлердегі мәдени ошақтардың жаңғыртылуы, «Азиада-2011», «ЕХРО-2017», «Аймақтар аламаны» атты байқау, «Ел іші, өнер кеніші» атты фестиваль, «Бейбітшілік пен келісім жол картасы»атты мега жоба т.б. Барлық уағилар өзіндік мерекелік сипат алады. Аталған уағилардың барлығы өз дәрежесінде атқарылуға мүмкіндік алуына мәдениетті мемлекеттік тұрғыдан өз үлесін қосуда.
Мәдениет жылын жариялап, мәдени мұраны дәріптеуге мемлекеттік демеушілік жасалуының өзі мәдениетке деген қамқорлық белгісі. Республи-калық дәрежеде өткізілетін көркемөнер байқаулары мен көрмелер көркем мәдениеттің ұлттық сипатын жоймауына, халықаралық дәрежеде дамуы ықпал етуде. Мәдени-тынығу жұмысы дамуының саяси экономикалық факторлардың бастысы елімізде шоу бизнес негізі қаланып, бұл салада бәсекелестік пайда болып, продюссерлік қызмет пайда болуына байланысты болып отыр. Осыған байланысты мәдени-тынығу жұмысының жаңа сипат алуына ықпал болып отырған екінші арнайы мамандарға байланысты. Мәдени-тынығу қызметі мамандығының ішінде мектеп пен мектептен тыс мекемелерде мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру мен педагогикасы, бұқаралық мерекелер режиссурасы, халық аспаптар оркестрі мен фольк-лорлық ансамбльдерге жетекшілік ету, мамандануларының мемлекеттік мамандықтар классификаторына еніп, арнайы кәсіпкерлер оқытылуының өзі қоғам бос уақытын ұйымдастырудың мемлекеттік қажеттілік екенінің көрсеткіші.
Елімізде орын алған әлеуметтік мәдени жағдаяттардың барлығы да ескеріліп, мәдени-тынығу жұмысы дәстүрлі мәдени әрекеттерден заман талабын өтейтіндерін іріктеп, қоғамдық іс шаралардың рухани құндылығын асыру үшін қолдану орынды.
Ұлттық мәдениеттің заман талабына сай дамуына, оның ғасырлар қойнауында қалыптасып халқының рухани баюына қосар үлесін замандас-тарымызға жеткізіп ұғындыруда бұқаралық ақпараттар ықпалы ерекше. Жеке тұлғалар мен басты мәдени уақиғалар туралы мақалалар, теледидар хабар-лары мен мыңдаған адам жинайтын бұқаралық мерекелер мәдени құнды-лықтар туралы қоғамдық пікір қалыптастырады. Солардың ішінде мәдени- тынығу жұмысын алатын болсақ, олардың режиссерлық шешімі, дәстүрлі мәдениет үлгілерін қолданудың жаңа үлгілерін ұсыну арқылы көрермен дүниета-нымына әсер ету мүмкіндігі мол. Мәдени-тынығу жұмысының көрнекі әдістері: арнайы рәсімдік әрекеттер, басты уақиғаға назар аударатын-дай ерекше айшықты әсерлік амалдар, кейіпкерлерді таңдап, олардың орналасуының нышандық белгілері, киген киімдері мен бұйымдар түр-түсіне дейін, мәдени іс-шара мазмұнын айшықтайтын мәтін, қолданылатын бұйым-дар мен қарым-қатынас жасау тәсілдері арқылы басты идеяны жеткізуге көмектеседі. Мысалы еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік күнін, Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін мысалға келтіруге болады. Әр іс-шараның өзіндік мақсаты бар. Бұқаралық мәдени іс-шараларда өзіндік ерекшілігі болады. Бұқаралық шаралардың орындалу ерекшелігі, қолданылу орыны, іс-шаралық идеяны ашатындай басқа да сахналық әрекеттермен байланыстырылуы, яғни ән, би, тағы басқа өнер туындылары арқылы ұйымдастыруға болады.
Әр ұлттың ерекшелігі мен мәдени даралығын байқататын іс шара-лардың бүгінгі өмірімізде орын алуы мәдени сабақтастықтың сақталуына байланысты. Ол сабақтастықтың жоғары дәрежеде жалғасын табуы үшін заман талабын игерген, мәдени құндылықтардың мән мағынасын жетік білген, ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттері бар мамандарға байланысты. Ондай қабілеттер таныта алғанымен көне мәдениетті «оқып», жаңарту үшін өткеннің өнегесін бүгінгі мәдени сұраныстар мен талаптарға сәйкестіре алу білім мен бейімді қажет етеді. Сол себептен біздің алдымызға қойған мақсатымыз бүгінгі практикаға дәстүрлі мәдениет үлгілері арқылы ұлттық мәдени құндылықтар туралы мәдениет үлгілері арқылы ұлттық мәдени құндылықтар туралы білімі мен бейімін қалыптастыру. Дәстүрлі мәдениетті заман талабына лайықтау нәтижесіне әсер ететін факторлардың келесі іс шаралар мазмұны. Олардың, әсіресе, қазақ салт-дәстүрлерінің бүгінгі өмір сұранысына, олардың дүниетанымдық мәніне, көрерменнің санасы мен сезімінде із қалдырып, отбасылық тәжірибесінде қолдана алатындай мүмкіндігі мен қолдану қажеттілігін сезіндіретіндей ұйымдастыру жұмысын талап етеді.
Ұлттық мәдениетті сипаттайтын дәстүрлі әрекеттердің өміршеңдігі олардың заман талабына лайықталып мазмұндық өзгерістер енгізілуіне байланысты. Ол өзгерістер дәстүрлі мәдени әркеттерді сақтаушы және жалғастырушы халықтың шығармашылық қабілеттілігіне де байланысты болса керек [1,б.215].
Дәстүрлі мәдениет дамуының ең басты принциптерінің бірі дәстүрлік әрекеттердің формасының сақталуы, халық дүниетанымының өзгеруі, рухани құндылықтардың алмасуы.
Дәстүрлі мәдени әрекеттерді бүгінгі өмірімізге лайықтап енгізу үшін бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа технологиясына көңіл бөлу керек. Радио мен телевизор, көптеген сауықтық бағдарламаларды бейнежазу арқылы тамашалайтын талғампаз адамдар мән- мағынасын түсіндірместен, орынсыз тартымсыз әрекеттерге назар аударуы қиын. Сол себептен ұйымдастырушылар бір кезектік іс-шараларға немқұрайлы қарамай, оның ұлттық мәдени құбылыстың ерекше түрі екеніне мұқият көңіл аударып, терең ғылыми тұрғыдан әсер ету, мәнін арттыру жақтарына назар аударуы қажет. Ол үшін көпшіліктің танымы мен талғамын оятатын көркем құралдары мен амалдарын ойластырып, іріктеу қажет.
Мерекелер мен салт-дәстүрлерлердің құралдары ретінде өнер мен әдебиеттің түрлі жанры, деректі материалдар мен ойын түрлері жатады. Оларды қолдануды адамның сырты информацияны қабылдаудың психоло-гиялық заңдылықтарына сүйене отырып, біріншіден, іс-шараны бастағанда кенеттен назар аударатындай әсерлі әрекет ұйымдастырылады. Екіншіден, қатысушылар мен көрермендердерді мәдени әрекетке араласа алатын амалдар қарастырылуы керек. Мерекелер мен салт-дәстүрлік әрекеттер соңы ойда қаларлықтай, сезімге әсер ететіндей аяқталуы шарт [2,б.25].
Ғасырлар бойы қолданылған, бабалар тәжірибесінен өткен жеке тұлға қабілеті мен қасиеттерін қалыптастыратын тәрбие ісінің ескерусіз қалуы келешегіміздің ұлтжандылық және патриоттық тәрбиесіне нұқсан келтіріп, мәдениетіміз ұлттық сипатынан айрылары сөзсіз. Отбасылық салт-дәстүрлері арасында ұрпақтың тән асылдығы мен тазалығы ұлттық құндылық екенін ескеріп, жас ана бойына бала біткеннен бастап, жер бесігіне енгенше адамға мәдени мұраны рухани қажеттілік етуі қоғамдық талап. Жасөспірім өзін ересектер санатына кіргенін, ендігі жерде көпшілік алдында кешірімділіктен гөрі қатаң жауапкершілігі мол кезең басталғанын сезіндіретін мерекелер бүгінгі әлеуметтендіру ісінен орын алмауы жөнсіз. Осы міндеттерді жүйелі түрде ұйымдастыру мен атқару мәдени мекемелері, ақпарат құралдары, әлеуметтік бірлестіктер міндеті. Олардың жұмысының нәтижелігі жұмыс формасының қызықтылығына, дәстүрлі мән мағынасын ұлттық дүниета-нымдық тұрғысынан түсіндіруге және қолдану технологиясын жете меңгеруге мүмкіндік жасауға байланысты. Қызықты етіп ұйымдастырып, мағынасын ұғындырғанда ғана дәстүрлі әрекет заман талабына сай жалғасын табады деген қорытынды жасауға болады [3,б.27 ].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет