П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет75/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   272
А.Г. Муханбетчина - п.ғ.к., аға оқытушы,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ,
Е-mail: tainur1987@mail.ru


МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТА БАЛАЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУШЫ ОРТА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ


Андатпа. Мақалада мектепалды даярлықта балалардың белсенділігін дамытушы орта арқылы қалыптастыру мәселесі қамтылады. Мектепалды даярлықта балалардың белсенділігін қалыптастыруда дамытушы ортаны құрудың әдістемесі қарастырылған.
Түйін сөз: дамыту, орта, белсенділік, мектепалды, даярлық, іс-әрекет, ойын.

Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Оның маңызды жақтарының бірі - мектепалды даярлық балаларының білім беру іс-әрекетіне қолайлы енуіне, оқу қызметін меңгеруіне, белсенділігі мен сенімділігін қалыптас-тыруға және шығармашылығын танытуына бағыттау.


Елімізде білім беруді дамыту тұжырымдамасында айқындалған негізгі мақсат-мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Осыған орай, мектепалды даярлық балаларының бойында оқу қызметін меңгерту, белсенділігін қалыптастыру, дамытушы ортада баланы ынталандыру басты бағыт болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында атап көрсетілгендей, «Балапан» бағдарла-масындағы негізгі міндеттердің бірі 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толықтай қамтамасыз ету [1]. Демек, жалпы білім беретін мектептерде, мектеп гимназияларда, шағын орталықтарда мектепалды даярлық сыныптарын ұйымдастыру тиімді және нәтижелі жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі анық белгіленген болатын. Тұжырымдамадағы негізгі мақсат-мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Бұл мектепалды даярлық балаларының бойында оқу қызметін меңгерту, олардың белсенді-лігін дамытудың басты бағыты болып саналады. Белсенділікті психология-лық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үдерісінде оны қалыптас-тыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді [2].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілді 3.
Білім берудің түрлі деңгейлеріне қарай жаңа әлеуметтік сұраныс-тарының пайда болуы шығармашылық қабілеті бар, саналы, әрі өзбетті іс-әрекетін анықтайтын және осы мақсатқа жету үшін өзін басқара алатын белсенді жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етіп отыр. Бұл талаптарды орындау үшін мектепалды даярлықтағы педагогикалық үрдістердің ең дұрыс бағыты белсенділікті іс-әрекеттік тұрғыдан дамыту болып табылады. Бұл төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: баланың қызығушы-лығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, оқу дағдысын игерту, белсенділігін, мақсат қою біліктілігін және шығармашылығын тәрбиелеу.
Белсенділікті педагогикалық, психологиялық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлықтағы балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепалды даярлықтың педагогикалық үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер мектепалды даярлық балаларының белсенділігін қалыптастырудың тиімді құралы дамытушы орта екендігін дәлелдеп отыр.
Ж.Ж.Руссоның философиялық-педагогикалық көзқарастарында даму ортасы ерекше орын алады. Белсенді тұлғаның оңтайлы даму негізі деп ортаны қарастырғандардың ішінде Ж.Ж.Руссо алғашқылардың бірі болды. Ол тәрбие үрдісі тиімді өту үшін, әр тұлғаға оның шындықтағы мүмкіншіліктері мен табиғи сұраныстарының арасында тепе-теңдік орнататындай ерекше даму ортасы құрастырылуы керектігін атап көрсетті. Бұл ортада тұлға әзір білімді алмайды, ол сол білімді өзі тауып, тірі табиғатты бақылай отыра өзінің тәжірибесінің негізінде үйренеді. Ж.Ж.Руссоның пікірінше, тұлға дамуының негізгі кайнар көзі білімнің көлемі емес, сол білім көлемін өздігінен еркін пайдалана білуінде. Осылайша «табиғи саналылықтың» тәрбиесінде дамыған тұлға өз қасиеттерінің ішкі әлем дүниесінің еркіндігін сақтап қалуға мүмкіндік береді [4].
ХХ ғ. еуропалық педагогиканың басты өкілдерінің бірі болып саналатын С.Френенің педагогикалық жүйесі ерекше орын алады. Педагогика тарихында бұл мәселеге байланысты әйгілі француз философы және педагогы С.Френенің пікірі бойынша, бала өзінің тұлғасын өзі жасауы керек, яғни ол шығармашылық жағынан өзін дамыта отырып, өзінің оңтайлы мүмкіндіктерін ашуы, өз-өзіне маңыздылық танытуы керек. Бұл жағдайда педагогтің негізгі қызметі - баланың бойынан өзіне тән нәрселерді тауып, одан әрі дамуына көмек беру деп көрсетеді. Орта балаға болашақ дербес өмір сүруі мен еңбек етуіне нағыз, белсенді түрде даярлануға мүмкіндік береді деп дәлелдейді. Осыған байланысты ол оқыту және тұлғаның өзін-өзі дамытуына жағдай жасайтын ортаны құрастыруға ерекше көңіл бөлді [5].
Ал Мария Монтессори қызметінің басты мақсаты – баланың табиғатына қысымшылық жасамау. «Көмек» ұғымы оның педагогикалық шығармашылығының басты ұғымдарының бірі болып саналады. Тәрбиені баланың табиғатын дұрыс анықтауда көрсетілетін ересектердің белсенді көмек көрсетуі деп түсіндіреді. Білім беру – тұлғалық дамуға жағдай жасайтын жағдай, жақын орта жасау арқылы оның табиғи психикалық мүмкіндіктерін дамытуда көмек беру. Ересектердің ең негізгі міндеті – балаларға өзін-өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау. Өз бетімен білім алуда баланың өздік жеке іс-әрекетіне ерекше көңіл бөледі. Жеке қызығушылық, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі құру негізінде қоғам мәдениетін меңгере алады.
М.Монтессори тұжырымдамасында білім берудің мазмұны құрылым-дық білімдік орта формасында ұсынылады. Білімдік орта – білім алушының табиғи немесе жасанды әлеуметтік мәдени ортасы, оған баланың өнімді іс-әрекетін қамтамасыз етуге қабілетті білімнің түрлі құралдары мен мазмұны енеді. Табиғи ортада тәрбиешінің міндеті өте қарапайым: ол тек жаңа педа-гогиканы ұғынып, меңгеруге көмектесуі ғана жеткілікті деп қарастырған [6].
Кеңестік педагогикада «орта» термині 20-жылдары пайда болды. Ол кезде «орта педагогикасы» (С.Т.Щацкий), «баланың қоғамдық ортасы» (П.П.Блонский), «қоршаған орта» (А.С.Макаренко) ұғымдары жиі қолда-нылды. Көптеген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, педагогтің әсер ету обьектісі бала және оның қасиеттері, іс-әрекеті, тіпті оның мінез-құлығы да емес, керісінше оның өмір сүру жағдайлары болып есептеледі. Сыртқы жағдай – қоршаған орта, тұлғааралық қарым-қатынас, іс-әрекеттер, ал ішкі жағдай – баланың эмоционалдық көңіл-күйі, өз-өзіне деген қарым-қатынасы, ұстанымдары мен өмірлік тәжірибесі болып табылады. Осылайша, «даму ортасы» ұғымының толық мағынасы сан түрлі дәрежеде әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде түрліше ұйымдастырылған жағдайда тұлға дамуының үрдісі түрінде жүзеге асуына ықпал етумен байланысты болып келеді [7,8,9].
Тұтас педагогикалық үрдісте дамытушы ортаның рөлі туралы ресейлік ғалымдар В.В.Давыдов, В.А.Орлов т.б. зерттей келіп, білім беру ортасы түсінігіне келесідей сипаттамалар берген:

  • әр жас кезеңіне сай айқын түрде психологиялық жаңа құрылымның сәйкес келуі;

  • оқытудың бастаушы іс-әрекет негізінде ұйымдастырылуы;

  • басқа іс-әрекет түрлерімен өзара байланысты алдын-ала ойласты-рылуы және оның құрылымдануы [10,11].

Балалардың белсенділігін қалыптастыру мәселесі теория мен тәжірибеде жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайда ол өзіндік анықтаушы мағынаға ие болып отыр. Әсіресе балаларды мектепке дайындауда баланың бойында оқу іс-әрекетін меңгеруіне қажетті қасиеттерді тәрбиелеу және баланың толыққанды қалыптасуы үшін дамытушы ортаның өзіндік маңызы зор. Адамды қоршаған жағдайлардың жиынтығы - орта, адам ортамен ағза және тұлға ретінде өзара іс-әрекетке түседі. Ішкі орта – ағзаның күйімен анықталатын ортаның түрі. Сыртқы орта – адамды қоршаған сыртқы орта, ол екі түрге – денелік және әлеуметтік болып бөлінеді.
Педагогикада «дамытушы орта» термині «үлкендердің және балалар-дың өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, психологиялық-педагогикалық жағ-дайлар кешені ретінде» түсіндіріледі. Білім беру мекемесінде дамытушы ортаны құрудағы негізгі мақсат- қалыптасып келе жатырған тұлғаға әлеуметтік, рухани жағынан өмір сүруіне аса керек қажеттіліктерді дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жағдайлар адамның өмірлік мәнді қажеттіліктерін өтеуге, оның қауіпсіздігін сақтауға, өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Сонымен бірге, олар балалардың рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін – танымдық, эстетикалық, жалпы мәдени, қарым-қатынастарын өтеуге сәйкес келуі шарт. Мектепалды даярлықты жүзеге асыратын дамытушы ортаның компоненттері ретінде заттық ортаны, мектепалды білім беру мазмұнын меңгеруді, педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара әсерлесуі болып табылады.
Білім беру мекемесінде баланың белсенді іс-әрекетін қалыптастыру құралы ретінде дамытушы ортаны құру үшін Л.Н.Седова үш өлшемінің нақты болуын атап көрсетеді:
1 мақсат қою - бұл білім беру мекемедегі педагог дамытушы ортаны тұлғаның базалық негізі ретінде белсенділіктің бірнеше түрін іске асыруға және оны оңтайлы дамуға мүмкіндік беретін, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық кеңістік ретінде түсінуге бағыттайды;
2 іс-әрекеттік қарым-қатынас үдерісі – мектепалды даярлықтағы баланың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын және оны бағыттайтын педагог ұстанымын талдаумен байланысты келеді;
3 білім беру мекемесінің дамытушы орта жағдайында баланың белсенді таным іс-әрекетін ынталандыра түсетін құралдарды, әдістер мен тәсілдерді таңдаумен және арнайы педагогикалық жағдаяттарды модельдеумен байланысты болып табылады.
Осылайша В.А.Петровский дамытушы ортаны құрудың негізгі бағыттарын ажыратып берді [12]:
Өзара әрекеттегі арақашықтық бағыты: балалар мен үлкендердің тұлғалық-бағдарлы әсерлесуінің алғы шарттары негізінде өзара байланыс орнату. Педагогтың тұлғалық-бағдарлы ұстанымы серіктестік ретінде көрінуі;
Белсенділік бағыты: мектепалды дайындық құрылымында үлкендердің белсенділігі мен балалардың белсенділігі көрінетін жағдай қарастырылған. Олар тұлғалық бағдарлы өзара әрекетте өздерінің заттық орталарын жасаушы болады.
Тұрақты-өзгермелі орта бағыты: даму ортасын педагогикалық міндеттердің өзгеруіне байланысты және балалардың көңіл-күйі мен талғамдарының өзгеруіне байланысты өзгертіп отыру мүмкіндігінің қалануы;
Кешендендіру бағыты: бұл бағыт алдыңғы бағыттармен тығыз байланысты келеді. Ортаның өмірлік кеңістігі балалардың әрқайсысының өз қалаулары мен қызығушылықтары бойынша бір-біріне кедергі келтірмей бір мезгілде бірнеше іс-әрекет түрімен айналысуға мүмкін болатындай деңгейде ұйымдастырылуы керек.
Ортаның эмоциялық бағыты: балалар мен үлкендердің эмоциялық жайлылығын қамтамасыз ету. Балалар түрлі іс-әрекеттермен айналыса отырып, олардан қуанышқа кенелуге, ал қажет болған жағдайда оларға демалуға мүмкіндік беру;
Ортаны эстетикалық ұйымдастырудағы қалыптан тыс элементтер мен үйреншікті элементтердің өзара үйлесімділік табу бағыты: балалардың эстетикалық категориялармен танысуы ең қарапайымнан басталады. Өнердің өзіндік тілін: дыбыстардағы әдемілікті, түстердің сия дағын, абстракциялық сызықтарды және т.б. ұғынуы;

Ашықтық-жабықтық бағыты: табиғатқа ашық болу – адам мен табиғаттың бірлігін жасау, оның ішінде ағаштар, шөптер, үй жануарларының балалармен бірге болуы т.б.


Мәдениетке ашық болу - әдебиеттің, музыканың және живописьтің болуы. Өзіндік «Мен» бейнесінің ашық болуы.
Балаларды мектепке дайындау-баланың барлық өмірін қамтитын жан-жақты міндет. Оның негізгі аспектісі баланың мектепке психологиялық дайындығы болып табылады.
Психологиялық даярлық құрылымында төмендегідей компоненттерді бөліп қарау қабылданған [13].
Тұлғалық даярлығы. Баланың жаңа әлеуметтік позиция – мектеп оқушысы статусын қабылдауға, оның құқығын біліп, міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру. Бұл тұлғалық дайындық баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, мұғалімдерге, өзіне деген қатынасынан байқалады. Тұлғалық дайындыққа мотивациялық сфераның белгілі бір даму деңгейі де кіреді. Болашақ оқушы өзінің тәртібін, мінез-құлқын, танымдық іс-әрекетін еркін басқаруы керек. Және бұл қалыптасқан иерархиялық түрткілер жүйесінде мүмкін болады. Сонымен қатар, тұлғалық даярлық баланың эмоциональды сферасының даму деңгейін де қарастырады. Бала мектептік оқытудың басында, оқу іс-әрекетінің дамуы және өтуіне жағдай туғызатын салыстырмалы түрде жақсы эмоциональдық тұрақтылыққа жетуі қажет
Интеллектуальды даярлығы. Даярлықтың бұл компоненті балада ой-өрісінің, нақты білімдер қорының болуын қарастырады. Бала бірқалыпты және бөлшектенген таңдамалы қабылдауды, қарастыратын материалға теориялық тұрғыдан қарау элементтерін қолдана білуді, ойлаудың жинақ-таушы түрлерін және негізгі логикалық амалдарды түсініп, есте сақтауды меңгеруі қажет. Интеллектуальды даярлық балада оқу іс-әрекет саласында бастапқы біліктіліктерін, жекелей алғанда, оқу міндетін бөліп алу және оны өзіндік іс-әрекетінің мақсатына айналдыру біліктіліктерін қалыптастыруды қарастырады. Қорыта келе, мектепте оқытуға интеллектуальды даярлықты дамыту мынадай жағдайларды қарастырады деуге болады:
- таңдамалы қабылдау;
- аналитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы негізгі белгілер мен байланыстарды танып-білу қабілеті, үлгіні қайталай алу қабілеті);
- қоршаған ортаға деген нақты көзқарасы;
- логикалық есте сақтауы;
- білімге қосымша күш салу есебінен оны алу процесіне қызығушылық;
- естіп қабылдау арқылы сөйлеу тілін меңгеруі және белгілерді түсінуге және қолдануға қабілеті;
- қолдың нәзік қозғалысының және көру-қозғалыс үйлесімдерінің дамуы.
Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық даярлығы. Даярлықтың бұл компоненті балаларда құрбы-құрдастарымен, басқа балалармен және педагогтармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін қасиеттерді қалыптастырады. Бала мектепке, балалар ортақ іспен айналысып жатқан ортаға келеді. Бұл жерде оған басқа балалармен өзара қарым-қатынас орнату, балалар қоғамына ену, басқалармен бірлесе іс-әрекет жасау тәсілдерін жетік меңгеруі қажет. Сонымен, бұл компонент балаларда басқалармен қарым-қатынас жасау қажеттілігін, мектептік оқыту жағдайында мектеп оқушысы рөлін орындау қабілетін дамытатын, балалар тобының дәстүрлері мен қызығушылықтарына бағына білуді қарастырады.
Мектепке психологиялық даярлықты құрайтын компоненттер қатарына денелік, сөздік және эмоционалды-еріктік даярлықты жатқызуға болады.
Денелік даярлық ретінде жалпы денелік дамуын қарастырамыз: 5-6 жастағы ұл балалар мен қыз балалардың денелік дамуының қалыптылығына сәйкес келетін тері жамылғылары мен көрсеткіштері, қалыпты бойы, салмағы, кеуде көлемі, бұлшықет тонусы, дене пропорциясы. Көру, есту, моториканың (әсіресе қол мен саусақ сүйектерінің ұсақ қимылдары) жағдайы. Баланың жүйке жүйесінің жағдайы: оның қозу және тежелу, күші мен қимылдауының деңгейі. жалпы денсаулық жағдайы.
Сөздік даярлық ретінде тілдің дыбыстық жағының бағыттылығы, сөздік қор, монологтық сөйлеу мен грамматикалық дұрыстылық түсіндіріледі.
Эмоционалды-еріктік даярлық баланың мақсат қойып, шешім қабылдап, әрекет жоспарын белгілеп, оны жүзеге асыруда күш жұмсауынан, кедергілерді жеңіп, балада психологиялық процестердің еріктілігінің қалыптасуынан көрінеді.
Баланың мектепке психологиялық жағынан даярлығын қай қырынан алсақ та, баланың бұған дейінгі бүкіл психикалық дамуының қорытындысы отбасы мен білім беру жүйесінің жемісі екендігін оңай көруге болады.
Балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, әсіресе ойын арқылы баланың интеллектуалдық және эмоционалдық жағы белсенді дамиды. Ойын балалардың қарапайым сипаттағы түсініктері мен іс-әрекет әдістерін дамытуға ықпал етеді. Балалар ойын кезінде бақылайды, байқап көреді және тәжірибе жасайды, тексереді, талдайды, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын, ерекшелігін салыстыра отырып, сұрақтар қояды және жағдайларға өзіндік қорытынды жасайды, танымдық іс-әрекеттерінің дамуына зор ықпал етеді. Себебі, ойын барысында баланың дене және рухани жан дүниесі, ақылы, қиялы дамиды, тұлғалық бейнесі қалыптасады. Ойын баланың қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілі, яғни, ол өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысуға, шешім қабылдауға т.б. көптеген әлеуметтік, өмірлік дағдыларға осы ойын арқылы қол жеткізеді. Ойын үстінде бала оқып-біліп жатырмын деген ойда емес, ойнаудамын деген түсінікте болады. Сонымен «дамытушы орталықтарда» мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекеттер нәтижесі қалыптасып келе жатырған бала тұлғасына әлеуметтік, рухани жағынан өмір сүруіне аса керек қажеттіліктерді дер кезінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, оның әрі қарай дамуына жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет