Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Бауыр, өт жолдары сырқаттанған науқастарды тексеру әдістері



бет123/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Бауыр, өт жолдары сырқаттанған науқастарды тексеру әдістері


Шағымдары:

  1. Іште ауырсыну/сипаты,мезгілі,күштілігі,тамақпен байланысы,иррадиациясы/

  2. Аузында ашты сезім 8. Терінің қышуы, гемморагиялық сарғаю

  3. Жүрек айну 9. Жүдеу

  4. Құсу, кекіру 10. Үйқының бұзылуы

  5. Қыжылдау 11. Әлсіздік

  6. Іш қату 12. Қалтырау

  7. Іш кебу 13. Тәбеттің бұзылуы

Ауру анамнезі:

  1. қауіпті факторлар 4. аурудың даму динамикасы

  2. аурудың себебі,басталуы 5. тексерудің нәтижелері

  3. бұрынғы сарғаюлар 6. емдеу,оның нәтижесі







Өмір анамнезі:

  1. ауырған аурулары/вирусты гепатит/

  2. тұқымқуалаушылық

  3. Зиянды әдеттері

  4. Тамақтануы

  5. Тұрмыстық жағдайы

  6. Мамандығы

  7. Интоксикация

  8. Дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау




Науқасты тікелей зерттеу

Қарау

Пальпация

Перкуссия

  1. Дене салмағы төмендеуі

  2. Сарғаю

  3. Тілдің өзгеруі

  4. Трофикалық өзгерістер

  5. «тамыр жұлдызшалары»

  6. Іштің ұлғаюы

  7. «бауыр алақаны»

  8. Теріде тырнаған іздер, геморрагиялар

  9. Іште веналар тармақтары

  1. асқазан

  2. ішек

  3. бауыр және өт қабы

  4. көк бауыр

  1. бауыр

  2. іштің бүйірлері

  3. көк бауыр


Зертханалық және аспапты зерттеу әдістері

Бауыр

Өт жолдары

  1. Жалпы қан анализі

  2. Б/хим. Қан анализі/жалпы белок,фракциялары,билирубин,АлАТАсАТ,сиал қышқылдары,холестерин,

протромбин индексі

3. холецистография

4.дуоденальді зондтау

5. бауыр УДЗ -і

6. компьютерлік томография

7. лапороскопия

8. пункционды биопсия


  1. ЖҚА

  2. БҚА/билирубин,сілтілі,фосфатаза/

  3. Дуоденальді зондтау

  4. өт қабының УДЗ - і

  5. холецистография



Несеп бөлу жүйесі сырқаттанған пациенттерді

тексеру әдістері
Пациентті сұрастыру
Негізгі шағымдар: Бүйрек және несеп жолдарының ауруларына тән негізгі шағымдар: ауырсынулар - бас ауырсынуы, бүйрек және несеп ағар жолдарының ауырсынуы, жүректің ауырсынуы, несепке отырған кездегі ауырсыну, ісінулер, несеп бөлудің бұзылуы, көрудің нашарлауы, ентігу, қызу көтерілу және тері қышуы.

Бүйрек және несеп жолдары зақымданғанда ауырсыну бел аймағында, несеп жолдарының бойында және қуық тұсында болады. Ауырсынудың тұрақты және ұстамалы түрі, не бір жақтан не екі жақтан бірдей байқалуы мүмкін.

Белгілі иррадиациясы жоқ, екі жақты бүйрек тұсында болатын тұрақты сыздап тұратын ауырсыну жедел және созылмалы гломерулонефритке, пиелонефритке және «қан іркілу бүйрегіне» /жүрек жетіспеушілігі/ тән. Аталған аурулардағы ауырғандықтың механизмі қабыну не қан іркілу нәтижесінде бүйректің үлкейіп, сыртындағы капсуласын керуіне байланысты капсуладағы рецепторлар тітіркеніп ауырсыну пайда болады.

Бүйрек аймағында туындап, несеп жолы бойымен төмен қуық не шат маңына тарайтын ұстамалы ауырсыну несеп тас ауруында болады яғни жүгіріп, секіріп, селкілдеп көлікпен жүргеннен кейін пайда болады.Бұл ауырғандықтың механизмі тастың несеп жолымен қозғала отырып, оның түйілуін тудырып, жарақаттайтынына байланысты. Бұл аурғандық өте күшті болып науқас бұл ауырсыну басылатын ыңғайлы жағдай таппай өте мазаланып домалайды. Бұл жағдайды бүйрек шаншуы деп атайды.

Несепке отырған кезде түйіліп ауыратын ауырсыну циститпен уретритке тән. Жүрек тұсында ауырсыну бүйрек ауруларының салдарынан, тәж артерияларының атеросклерозынан, бүйрек гипертониясынан және уремиялық перикардиттен пайда болады.

Бас ауырсынуы. Бүйрек ауруларындағы бастың ауырсынуы артериялық гипертензияға байланысты, ми тамырларының түйілуінен және бүйрек мазасыздығы салдарынан организмнің улануынан туады..

Артериальді гипертензия - бүйрек ауруларының салдарынан артериальді қысым көтеріледі. Бұл қысымның ерекшелігі әсіресе диастолалық қысымның көтерілуі. Бүйрек ауруларында /гломерулонефрит, пиелонефрит/ бүйрек ұлпасында қан айналым бұзылып бүйрек қан аздықтан ішкі секреция мүшесі болып қанға ренин бөледі, ал ол ангиотензинге айналып қан қысымын көтереді. Қан қысымы көтерілген кезде пациентте басы ауырады, басы айналады, жүрегі қағып, жүрек тұсында ауырсыну пайда болады.

Ісінулер. Бүйрек ауруларында ісінулер жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, бүйрек амилоидозында байқалады. Пациенттен ісінулер қай жерде пайда болып қалай денеге жайылуын және таралу жылдамдығын сурау қажет. Бүйрек ісінулері жүрек ісінулеріне қарағанда көбінесе ертенгісін көз астында пайда болып, кейін аяқтарына түседі, ал өте ауыр жағдайда науқас күп болып ісінеді оны анасарка дейді. Бүйрек ісінулерінде тері бозарып, суық болады. Пациенттер ыңғайлы жағдай іздемейді, ентігу болмайды.

Қалтырау - қызу көтерілуі бүйректің және несеп бөлу жолдарының қабынуының салдарынан болады.

Терінің қышуы - уремия кезінде мочевина кристалдарының тері бездерінің саңылауына жииналуына байланысты болады.

Анамнез. Біріншіден пациентті сурағанда осы аурудың белгілері пайда болардың алдында қандай қабыну ауруларымен ауырғанын анықтау керек, әсіресе диффузды гломерулонефритте дәлелдеу керек. Бурында бүйрек ауруларымен ауырғанын анықтау керек. Пациенттен өңдірістік уланулар,қабылдаған дәрілері туралы мәлімет жинау керек. Ауру созылмалы болса қай себептен асқынуын, жиілігін, клиникалық белгілерін, емделуін және оның нәтижесін дәлелдеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет