Сонда олар нәпсілеріне еріп, ақиқатты көрмей, соқырға
айналды. Сөйтіп, үйге күштеп кірмекші болды. Алайда
қонақтарын еш нәрсе болмағандай жайбарақат күйде көріп,
таңғалған Лут елшілерге:
«Сөзсіз, сендер бөгде кісілерсіңдер», –
деді.
(Елшілер)
: «Жоқ, біз олардың күмәнданған
(азабын)
алып
келдік. Біз саған нақ шындықты келтірдік. Біз рас айтамыз»,
– деді»
1
.
Басқа бір аятта:
«Олар: «Қорықпа, қайғырма. Расында, біз
(азапта)
қалушылардан болатын әйеліңнен басқа, өзіңді және
отбасыңды
құтқарамыз.
Бұл
ауыл
халқына
бұзықтықтарының салдарынан көктен пәле жаудырамыз», –
деді»
2
, – деп келген.
Сонда барып олар өздерінің Аллаһ тағаланың елшілері екенін
айтты. Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) шығып бір соққы берген сәтте
олардың барлығының көздері соқыр болып қалды.
Аллаһ тағала:
«Олар
(Луттың)
қонақтарынан дәме қылды.
Сонда олардың көздерін соқыр еттік. Ал енді азабым мен
ескертуімді татыңдар»
3
, – деп айтқан.
Олар мұны сиқыр деп ойлап, сендерге ертең көрсетерміз деп
кіжінді. Сөйтіп, дуал сипалап үйлеріне қайтты.
Періштелер Лутқа:
«Олардың уәдесі таңертең, ал таң
жақын емес пе?» – деді»
4
және оған отбасын алып Садумнан тез
шығып кетуді бұйырды.
«Дереу түннің бір бөлігінде үй-ішіңмен аттан. Өзің
олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын.
1
«Хижр» сүресі, 62-64 аяттар.
2
«Анкабут» сүресі, 33-34 аяттар.
3
«Қамар» сүресі, 37-аят.
4
«Һуд» сүресі, 81-аят.
126
Достарыңызбен бөлісу: |