Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Ей, адам баласы! Сендерді бір кісіден



Pdf көрінісі
бет27/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
«Ей, адам баласы! Сендерді бір кісіден 
(Адам атадан)
 
жаратқан және одан оның жұбайын 
(Хауа ананы)
 жаратып, ол 
екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан 
қорқыңдар»
2
, – делінген. 
Әт-Табари: «Хауа Адамнан жиырма құрсақ көтеріп, егізден 
қырық бала туды. Әрбір егіздің бір сыңары ұл, бір сыңары қыз 
болатын. Олардың тұңғышы Қабыл, оның қарындасы Құлайм. Ал 
ең кенжесі Абдулмуғис, оның қарындасы Уммулмуғис еді», – деп 
риуаят еткен.
Адамзат нәсілі көбейіп, ұрпақ тарала бастады. Оларға дін 
үйретуші Адам пайғамбар болды. Олар бір Аллаһқа ғана 
құлшылық қылатын, бөлініп-жарылмаған бір үмбет еді.
Әбу Мұса әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ 
тағала Адамды жұмақтан жерге түсірген кезде оған барлық 
нәрсені жасауды үйреткен»
, – деп риуаят еткен
3

Демек, ол білімді, киінуді, өнерді және кәсіп жасауды 
барлығын үйреніп түскен. Темір мен ағаш өңдеуді, отты 
1
«Ағраф» сүресі, 23-аят. 
2
«Ниса» сүресі, 1-аят. 
3
Мұны әт-Табари жеткізген. 


33
 
 
пайдалануды, тоқыма өнерін және көптеген тіршілікке қажет 
нәрселердің барлығын да адамзат жаратылғаннан бері білген. 
Қабыл мен Әбілдің қиссасы 
Адамның тұңғыш ұлы Қабыл болды. Құранда Қабыл мен оның 
бауыры Әбілдің қиссасы арнайы баяндалады.
Қабыл қатыгез, тасжүрек жан болып өсті. Ал Әбіл, керісінше, 
жібек мінезді, мейірімді болатын. Қабыл егіншілікті, Әбіл болса 
қой бағуды кәсіп қылатын. Ал мал бағу ісі сабырлық пен 
мейірімділікті қажет етеді. Яғни тілсіз тіршілік иелерін жем-
шөпсіз, сусыз, қараусыз қалдырып, қиянат етуге әсте болмайды.
Қазіргі таңда ағасының өз қарындасына үйленуі харам һәм 
азғындық екені – баршаға мәлім басы ашық мәселе. Ал адамзат 
тарихы енді ғана бүршік атып, қалыптасып келе жатқан сол бір 
көне заманда адамзаттың көбеюі үшін арнайы заңдарға жүгінуге 
тура келді. Сондықтан, сол тұстағы қоғам мүшелерінің барлығы 
Адамның балалары, бір-біріне бауыр болғандықтан, оларға 
өздерімен сыңарлас туылған қарындастарынан басқаға үйленуге 
рұқсат етілді. Қабылдың қарындасы Әбілдің қарындасына 
қарағанда көрікті еді. Ол қарындасын бауыры Әбілге бергісі 
келмей, оған өзі үйленуді қалады. Алайда бұған Адам тыйым 
салған-ды. Адам өз балаларына дін заңдарын белгілеуші 
пайғамбар еді. Оның шариғатында балаларына өзінің сыңарлас 
қарындасына үйленуге рұқсат етілмейтін. Қабыл бұған қатты 
наразылық танытты.
Бірде Адам оларға Аллаһ тағаланың разылығы үшін тарту 
етілетін 
құрбандық 
ұсынуды 
белгіледі. 
Олардың 
құрбандықтарының бір ерекшелігі сол құрбандықтың қабыл 
болған не қабыл болмағанын білдіретін белгісі бар-ды. Егер 
құрбандық қабыл болса, оған от немесе найзағай тиіп жалмайтын. 
Бұл белгі құрбандықтың қабыл болғандығын білдіретін. Ал от 
тимеген құрбандық қабыл болғанға саналмайтын.


34


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет