41
жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Бұл организмнің уыттануын
одан сайын күшейтеді.
Күйіктік ауру кезінде тіндердің нәруыздары көптеп
ыдыратылады.
Бүлінген
жасушалардан
протеолиздік
ферменттердің қанға түсуі тіндердің антигендік қасиетін
өзгертіп, аутоиммундық құбылыстардың дамуына әкелуі
мүмкін.
Бұл ауру әртүрлі жүқпалармен жиі асқынады. Олардың
уыттары организмді одан сайын уыттандырады. Бұл жұқпалар
организмге бүлінген тері арқылы өтеді және ішектердің
микробтары қанға түседі. Күйіктік ауру кезінде терінің
бүлінуі оның тосқауылдық қызметін әлсіретеді, бір ядролы
фагоциттер жүйесінің қызметі бұзылады және ішек-қарын
жолдарының шырышты қабықтарының қорғаныстық қабілеті
азаяды.
Бұл аурудың нәтижесінде организмнің қатты үдемелі
арып-азуы, дененің ісінуі, анемия, ішкі агзалардың
дистрофиялық өзгерістері, өкпе мен бүйректің қабынуы,
бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының әлсіреуі т.с.с.
құбылыстар байқалады.
Күйіктік ауру жеңіл түрде өтсе артынан организмнің
сауығуы болады. Бүл кезде бүлінген тін толығынан
аласталынып, оның орнына тыртық тін қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: