69
бұзылудан болады - деген жорамал бар;
● темекі шегу өкпеде обыр өспесі дамуына қауіп-қатер
төндіреді.
Өйткені
темекі
түтінінде
болатын
3,4-
бенз(а)пирен, хром, кадмий өспе туындататын заттарға
жатады;
● темекі түтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс,
дәм сезімдерін азайтады, сілекей бөлінуін көбейтеді,
қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында
ойық жаралардың пайда болуына, тіс кіреукесі мен оның
қатты қабаты бүліністеріне әкеледі;
● темекі тартатын адамдардың арасында асқазан мен
ұлтабардың ойық жарасы, ішектердің талаурап қабынуы жиі
кездеседі;
● жүктілік кезінде темекі шегуден түсік тастау,
мерзімінен
бұрын
босану,
жүктіліктің
асқынулары
байқалады. Туған балаларда өспе өсу мүмкіншіліктері
жиілейді
(трансплаценталық
канцерогенезді
қараңыз).
Темекі тартатын әйелдерде етеккір келуінің ерте тоқтауы
және жыныстық құштарлықтың төмендеуі болады;
● темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса
да,
доғару
синдромының
белгілері
байқалады.
Олар
нашақорлар
мен
уытқорлардағыдай
ауыр
рухани
және
физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы түрде
никотинге рухани тәуелділік айқын білінеді. Доғару
синдромы соңғы тартылған сигареттен кейін 90-120 минөт
өткеннен соң дамиды және 24 сағаттан соң ең үлкен
дәрежеге жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады. Бұл кезде
адамның қатты темекі тарқысы келеді, көңіл-күйінің
жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бұзылуы, ұйқы
басу немесе ұйықтай алмауы, ашушаңдық, тәбеттің артуы
және дене массасы ұлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады.
Оларды жеңу, нашақорларға қарағанда, біршама жеңілірек
болады.
Достарыңызбен бөлісу: