Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва


Баяндауыштың бастауышпен қиысуы



бет17/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

4 Баяндауыштың бастауышпен қиысуы

Қиысу – синтаксистің байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі. Ол сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге икемделе, олардың грамматикалық мағыналары мен тұлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады. Қиысу тұлғалық үйлесім бар сөздер тіркесі түгел ене бермейді, тек сөздер тіркесінің бағыныңқы бөлегі басыңқы бөлегіне бейімделіп үйлесуі ғана енеді.

Қиысу әр тілде әр түрлі екені белгілі. Мысалы, орыс тілінде бастауыш пен баяндауыш род, жақ, сан жағынан, анықтауыш анықтайтын сөзімен род, сан жағынан септіктер арқылы қиысады. Латын мен грек тілінде анықтауыштар анықтайтын сөзімен, род, септік жалғаулары арқылы қиысады да, бастауыш пен баяндауыш тек сан жағынан қиысады екен.

Түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, қиысу, негізінде, біріне-бірі бағынышты тіркестегі бастауыш пен баяндауыш арасында болады.

Қазақ тілінде сөздер бірімен-бірі орыс тіліндегідей, септік жалғауларында қиыспайды, тек оңашаланған айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай сепік жалғауда тұрса, сол жалғауда тұрып қиысуы мүмкін. Баяндауыштың бастауышпен қиысуы жақтық не көптік болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет