_______________________________________________________________________ 1. Жас ерекшелік психологиясының пайда болуы. Даму психологиясының өмірге келуі 19 ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни психологияға генетикалық идеяның енуімен байданысты. Даму психологиясының одан әрі өрлеуіне Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары айтарлықтай әсер етті. Ол психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында психологиялық экспериментті даму психологиясында қолданудың арнай жолдары табыла қоймады. Эксперименттің психологиядағы едәуір жетістіктері ( Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауездің ес процесін зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен қимыл-қозғалыстың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттегендері, және т.б. ), осындай зертеу жетістіктеріне сүйене отырып, даму психологиясы өрістей бастады.
Адамның өзіндік даму жолындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әсіресе өмірдің алғашқы кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай пікірді қолдайтын психологтар, бала өмірінің ерекшеліктеріне, әсіресі оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж.Ж.Руссо “Бала-кішкентай ересек адам” – деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен, Кеңес елдерінде, АҚШ-та өрістеген көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша сапалық ерекшеліктері болатыны анық.
Маркстік-Лениндік философияның негізгі қағидаларына және диалектика қағидаларына, физиология саласындағы жоғары жүйке қызметіндегі жаңалықтарға сүйене отырып, кеңес ғалымдары адамның даму процесі (онтогенезі) табиғат құбылыстары мен адам адам қоғамындағы кез келген әсер ететін заңдарға бағынған, бірақ бұл заңдар адамынң жеке бас ретіндегі, жаңа қоғамды құрушы азамат ретіндегі психикалық даму процесінің ерекшелігіне сәйкес өзгешелік болып табылады.