«Педагогикасы» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет11/16
Дата08.06.2018
өлшемі0,51 Mb.
#41663
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сурет 15. 1 Оқу үрдіснің қозғаушы күштері


  • білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты,

  • оқытудан мазмұны ғылымен даму логикасы және деңгейіне,қоғамның талабын көрсететін мінднттеріне тәуелді,

  • оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді,

  • оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді,

  • үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді

  • Оқытудың барлығына тән заңдылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз:

  • Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады,егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту тәсіліне сәйкес келсе.

  • Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты.

  • Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын , әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.

Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.

Жалпы ретті қарама-қайшылықтар пайда болады:

  • қоғамдық –тарихи білімдері көлемі мен оқушының оны меңгерген көлемі арасында;

  • оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және қоғамдық –тарихи танымы арасында;

  • оқушының қол жететін даму деңгейімен оқыту барысында алға жетелейтін оқу міндетері арасында;

  • жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда болады;

  • бұрынғы білім деңгейі мен оны “жататын” жаңа білім арасында;

  • білім мен оны біліктілікпен қолдану арасында;

  • оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен және қажетті қатынас деңгейі арасында;

  • күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері арасында.





Сурет 15. 2 Оқыту теориясында қолданылатын ұғымдар


Оқу үрдiсi құрылымының моделi Оқыту үрдiсiн тұтас жүйе ретiнде мынадай үлгiмен көрсетуге болады оқыту үрдiсiнiң жүйе ретiндегi жүйе-құрастырушы ұғымдары мыналар: оқытудың мақсаты, мұғалiмнiң әрекетi (оқыту), оқушы әрекетi (оқу, бiлiм алу) және нәтиже. Осы үрдiстiң озгермелi түрдегi құрамдас бөлiктерi оқыту құралдары болып табылады. Оған оқу материалының мазмұны, оқыту әдiстерi, оқытудың материалдық құралдары (көрнекi, техникалық, оқулыктар, оқу құралдары және басқалар), оқытудың ұйымдастыру формалары кiредi. Оку құралдарының байланысы мен өзара бағыныштылығы оқытудың мақсаты мен оның түпкi нәтижелерiмен тiкелей байланыста. Осы барлық бөлiктердiң кызмет етушi бiрлiктерiн нығыздайтын бағытын оқыту мен бiлiм алу.

Өзiндiк тексеруге арналған сұрақтар

  1. Оқыту принципi дегенiмiз не?

  2. Оқыту процесiн түсiндiр.

  3. Дидактика дегенiмiз не?

  4. “Заңдылық”ұғымы ненi бiлдiредi?

  5. Оқыту процесiне қандай белгiлер тән?

  6. Таным мен оқыту процестерi өзара қалай байланысады?

  7. Оқытудың заңдылықтары мен принциптерi кандай қарым-қатынаста болады?

  8. Оқыту мен дамуды өзара байланысы қандай?


  9. Оқытудың мәнi мен принциптерiнiң өзара байланысы қандай?

  10. Оқытудың негiзгi қызметтерiнiң мәнiн ашыңдар.


  11. Әдебиеттер

  1. Баранов С.Г. Сущность процесса обучения. М., 1981

  2. Выготский Л.С. Сбор. соч. Т.6. М., 1984.

  3. Дидактика 1/Российская педагогическая энциклопедия. Т. 1.
    М., 1999.

  4. Каптерев П.Ф. Избранные педагогические соч. М., 1982.

  5. Коменский ЯЛ Избранные педагогические соч. В 2-х т. М.,
    1982.

  6. Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах.
    Мн., М., 2000.

  7. Оконь В. Введение в общую дидактику. М., 1990.

  8. Садыков ТС., Абылкасьпюва А.Е. Дццакгическйе основы обучения в высшей школе. А., 2000.

  9. Теоретические основы содержания общего среднего образования. / Под ред. В.В.Краевского и И.Я.Лернера. М., 1983.

  10. Ушинский К.Д. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.


Тақырып 16 Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны (1 сағат)

Мақсаты: білім беру мазмұнымен байланысты студенттерді теориялық білім жүйесін тәжірибелік тұрғыда қалыптастыруға бейімдеу.

Міндеттері:

а) Білім беру мазмұны ұғымның мәнін ашып көрсету.

б) Білім беру мазмұнының компоненттерін негіздеу.

в) Білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалатынына сипаттама.



Жоспары:

  1. Білім беру мазмұнын ұғым тұрғысында айқындау.

  2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.

  3. Білім беру мазмұны компоненттеріне сипаттама.

4. Казіргі кездегі жалпы орта білім беретін мектеп мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар.

Білім беру мазмұнын ұғым тұрғысында айқындау Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым. Білім берудің жалпы анықтамасы – тұлғаның өмір жолында өзін-өзі дамытуға, мүмкіншілігін жете білуге бағытталған кең таңдау процессі (А.Г. Асмолов).

Демек білім беру адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.



Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету.

Бұған адамды іс-әрекеттің маңызды түріне кірістіру жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан барып білім беру ұғымының астары ұйымдастырылған нормаланған процесс (және оның нәтижесі). Өткен ұрпақтың әлеуметтік мәнді тәжірибесін келесі ұрпаққа үнемі беріп отыру және жеке тұлғаны әлеуметтендіру және генетикалық бағдарламаға сәйкес тұлғаның қалыптасуы.Сонымен білім беру мазмұны жеке тұлғаны дамыту және базалық мәдениетін қалыптастыруда негізгі құрал болып табылады. Дәстүрлі педагогикада көбінесе мектептің білім беру қызметін бағдарлы жүзеге асырумен білім беру мазмұнын анықтау, білім беруді жүйелеу, іскерлік, дағды, көзін жеткізу.



Сурет 16. 1 Білім беру мазмұнын қалыптастырудың логикалық-құрылымы


Білім беру мазмұнының логикалық-құрылымы



Білім беру мазмұнын қалыптастырудың көзі

И.Я. Лернер,

М.Н. Скаткин, В.В. Краевский бойынша білім беру мазмұнының компоненттері



Білім беру мазмұнының принциптерінің құрылымы

Ю.К. Бабанский бойынша білім беру мазмұнының категорияларын таңдау

Білім беру мазмұнын анықтайтын оқу- нормативтік құжаттар






  • қоғам

  • адам

  • табиғат

  • техника

  • ғылым

  • өндіріс орындары

  • (рухани материал-дық) мәдениет



    • бейнесінің тұтастығы

    • ғылымдар негізінің білім беру мазмұнының ғылыми және тәжірибелік мәні;

    • пәнді оқытуға берілген уақытпен сәйкестігі

    • білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік тәжірибені ескеру

    • мектептің оқу-әдістемелік базасының материалдық жағдайының сәйкестілігі



    • тұлғаның, қо-ғамның мәдени-етпен ғылым-ның білім беру мазмұнының принциптеріне қоятын талабы-мен сәйкестілігі

    • оқытудың маз-мұнды процес-суалдық бірлікте болу принципі

    • білім беру маз-мұнының әр-түрлі деңгейде қалыптасуының құрылымдық бірлікегі принципі

    • білім беру маз-мұнының гумандық принципі

    • білім беру мазмұнының фундаментал-дық принципі



    • табиғат, қоғам, техника туралы білімдер;

    • іс-әрекет тәжірибені жүзеге асырудағы ойлау қабілеті;

    • шығармашылық тәжірибе өзіңе және басқа адамдарға қарым-қатынас жасауда оқитын объектінің нақтылығының бағдарлы эмоционалдық құндылық тәжірибесі.



    • ҚР-ның жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің мемлекет-тік стан-дарты;

    • базистік оқу жоспары (инвари-анттық, вариатив-тік, құзыр-лық);

    • оқу бағдарла-масы, оқу құралы және оқулықтар

Сондай-ақ танымдық күшін дамыту және тәжірибеге дайындау, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінің жеткен жетістігі. Бұл бағдарлы білім беру тұрғысы мазмұнның мәнін анықтайды. Мұндай жағдайда білім – тарихи тәжірибені іздестіру процесінде жинақталған адамзаттың рухани байлығының көрінісі жеке тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі.

Ғалымдардың айтуынша білім бағдарлы тұрғысы білім беру мазмұны үшін құнды болып табылады. Бағдарлы білім беру мазмұны тәртіп белгілеу, идеологияландыру білімнің ғылыми ядросын академизмдеуге алып келеді. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднева, Б.М. Бим-Бад, А.В. Петровский еңбектерінде баяндалған. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуын И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин білім мазмұнының теориялы тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде шығармашылық іс-әрекетпен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді және қоғамның мәдени-рухани материалдық байлығын дамытып және оны сақтауды ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға «жалпыадамзаттық тәрбие» беруде, табиғи құбылыстарды және қоғам өміріндегі жағдайларды олардың өзара байланысын түсіндіруде оқушылардың жұмысын ұйымдастыруда оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр.

Бұл кіріктіру идеясы басқа әртүрлі елдерде жүзеге асырылған. Совет мектебі ұзақ уақыт бойына оқушылардың жалпы білім беретін дайындығын көтеру міндетін шешуде оң жетістіктерге жеткен.

Ғылым мен техниканың мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім мазмұнын анықтауда жастарға жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді камтамасыз ету оқу жоспарын, оқу бағдарламасын және оқулықтардың жетілдіруі жүргізіледі.

Білім беру мазмұнында жаңаруы мектептің күрделі міндетімен байланысты, негізгі кемшілігі сол білім мазмұнының жиі өзгеруі эмпирикалық деңгейде қайта құру теориялық негізсіз, ешбір болжаусыз жүзеге асылуы. Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұны қазіргі теориялық тұжырымдама тұрғысынан қоғам талабы, адам нені білу керек, қандай сапалық қасиеттерді меңгеруі тиіс екендігі айтылған. Нақты тарихи, қоғамдық-экономикалық жағдайда жасөспірімдерді дайындауға қойылатын әлеуметтік талап анықталады.

Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы, оның жалпылама түрде халықтың көпшілігі ғылым жетістіктерімен, мәдени құндылықтармен, сапалы жоғары білімді адамдардың ақыл-ой дене еңбегі жағынан қоғам өміріне белсене араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру. Білім беру мазмұнын оқыту арқылы игерілген тәжірибені әріқарай дамытып әлеуметтік мәдени мазмұны ересек ұрпақтың тәжірибесін келесі ұрпаққа беруді қамтамасыз ету. Ю.К. Бабанский ғылым мазмұны негіздерін совет педагогикасында төмендегі өлшемдер бойынша таңдады:



  1. Ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі

  2. Білім беру мазмұны материалының жоғары ғылыми және тәжірибелік мәнін мектептегі оқылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды әрбір пәнге және оқу пәндер жүйесін енгізу.

  3. Білім мазмұнының күрделігі оқушылардың жас ерекшелігімен оқу мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі.

  4. Әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі білім мазмұнының көлемімен сәйкес болуы.

  5. Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік тәжірибені ескеру.

  6. Қазіргі кездегі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен білім мазмұнының сәйкес болуы.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.

Білім берудің мазмұнының теориялық негізі XVIII ғ. соңы XIX – басында қалыптасқан. Олар материалдық және формалдық деп аталған.

Біріншісін дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп атаған. Оны жақтаушылар оқыттудың мақсаты ғылымның әртүрлі санасынан кең көлемде оқушыларға білім беру деп есептелген. Бұл пікірді XVII ғ. Я.А.Коменский өзінің көп жылдық өмірін арнаған оқулығында оқушыларға кажетті білімді енгізуді көздеген.

XIX ғасырдың белгілі педагогтары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырыдама бүгінгі күнде де өз жақтастарын тапты. Кейбір ақпаратқа толы оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнына талдау жасағанда оқушылардың меңгеруі өте қиын болатындығы айғақталды. Білім беру мазмұны формальдық теория бойынша немесе дидактикалық формализм, оқытудың құралы, оқушылардың танымдық қызығушылық және даму қабілеті ретінде қарастырды. Сондықтан оқу құралын таңдауды негізгі өлшемі классикалық тілдер мен математикада оқу пәнінің дамытушылық құндылығы болып есептеледі. Дидактикалық формализмнің теориялық негізін игерілген іс-әрекет, білім және іскерлік құрайды.

Дидактикалық формализмді жақтаушылар ерте заманнан белгілі, мысалы Гераклиттің ойынша «білімі көптік ақылды емес» Цицеронда осындай пікірде болған. Жаңа кезеңде дидактикалық формализм пайда болды, оның негізі И.Канттың философиясында және гуманизмге қарсы тұрған Песталоцциде жатыр. Оның пікірі бойынша оқытудың негізгі мақсаты «оқушылардың дұрыс ойлауы немесе формальді түрде білім беруді күшейту». Германияда бұл теорияға жақын болған А.Дистервег,ол өзінің «Неміс ұстаздарына басшылық» - деген еңбегінде (1850 ж.) өз көзқарасын білдіреді. Формальдық теорияны жақтаушылардың еңбегі білім беру мазмұны окушылардың танымдық кабілетінің дамуына, ес ойлау тағы басқалар қабілеттеріне көңіл бөлуі. Бұл теорияның әлсіздігі оқу бағдарламаларында тіл, математика пәндері көрініс тапқан. Осыған сәйкес (құбылыстар мен заттардың көріну процесстері) оқушының ойлау қабілетінің дамуына, қалыптасуына, білімді игеруіне әсер етеді. Бұл екі жақты диалектикалық тәуелділік энциклопедизмді жақтаушыларға түсініксіз болды. Оқытуды анықтау оның мазмұны арқылы формализмді жақтаушылар арқылы емес, оқытудың мәнін субъективті процессуальды жағынан жоғары бағалауы жеткіліксіз еді. Екі теория да К.Д.Ушинскийдің ғылыми сынына ұшырады. Ол кісінің айтуынша «парасаттылық нағыз білімнің арқасында ғана дамиды» - сондай-ақ мектеп адамды біліммен қаруландырып, сол байлықты қалай колдануды үйретеді дейді. Орыс педагогикасында К.Д.Ушинскийден бері карай материалдық және формальдық тұрғыдан идеямен қамтамасыз ету бірлігі білім беру мазмұнын таңдауда қарастырылған.

Қоғам және тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады. Қазіргі заманда білім берудің мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс- әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай максат қою тұлғаның іскерлік, білім дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді. Өмірдің мәдени жағын игеруге білім іскерлік дағды өте қажет. Сондықтан да білім ордаларында өнер мен ғылымның негізін оқыту өз мүддесі үшін емес, нағыз әдемілікті танып білуге үйрететін құрал. Адам – қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып калыптасатын динамикалық жүйе. Тұлғаның күштілігі уақыт өзгеруіне байланысты және субъектінің қасиеті адамның (онтогенетикалық) организмінің дамуына сәйкес. Ол іс-әрекет жүйесінде жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда субъектінің дамуы іс-әрекеттің жемісі. Іс-әрекет түрлері (еңбек, ойын, қоғамдық) тұлғаның дұрыс дамып жетілуі үшін жағдай жасау туралы сөз болып отыр.

Осыдан барып білім берудің мазмұнын анықтайтын тұлғаның іс-әрекеті болып табылады. В.С.Ледневтың тәжірибесінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы мазмұнын анықтауға болады дейді. В.В.Краевскийдің – педагогикалық теориясында жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру принципі қарастырылған. Ол принцип білім берудің барлық элементтерімен барлық деңгейлерінде қоғамның ғылым, мәдениет және тұлғаның дамуымен сәйкес келеді. Ол – тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті өмір сүруі ушін дәстурлі білім, іскерлік, дағды қоғамның әлеуметтік дамуы деңгейін көрсететін білім беру мазмұнына ендіру қажет дейді.

Оқытудың процессуалдық және мазмұндық бірлігі принципі жалпы білім беру мазмұнын тандағанда бір жақты пәндік – ғылыми бағдарлы болып келеді. Ол білімнің мазмұнынсыз нақты оқу процессті жүзеге асыра алмайды. Жалпы білім беру мазмұнын құрастырғанда қажетті принциппен технологияны енгізуі қажет. Білім беру мазмұнының құрылымдық бірліктегі принципі әр деңгейде окушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекетті оқу материалы, оқу пәнін теориялық жағынан бірлікте қарастырады. Соңғы жылдары білім беру мазмұнын таңдағанда гуманитарландыру және негіздеу бағдарлы білімнен тұлғалық бағдарлы білімге көшу тенденциясы байқалды. Жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру принципі жалпы адамзаттың мәдениетті, оқушылардың тәжірибелік және шығармашылық жағынан меңгеруге жағдай жасаумен байланысты. Бұл принцип оқушылардың көз-қарасын қалыптастыруға дайындаумен байланысты. Қазіргі кездегі қоғамның даму жағдайы, сондай-ақ тұлғаның мәдени гуманитарлық компоненті: өмірлік мәдени өзін-өзі анықтауы; еңбек мәдениеті және экономикалық мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, өнер және дене мәдениеті, отбасымен мәдени қарым-қатынас жағдайы сияқты көптеген аспектілерден тұрады. Мазмұнын терең негіздеу арқылы жалпы білім беруді дегуманизациялауды жеңу принципі болып табылады.

Пәнаралық байланыста, сабақтастығын гуманитарлық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді қалыптастыруды талап етеді. Бұлай оқыту білім алудың тәсілі ғана емес, іскерлік дағдыны қалыптастыру, оқушыларды жаңа біліммен қаруландыру, әдістерімен өздігінен іскерлік дағдыны меңгерудің кұралы болып табылады.

Жалпы білім беру мазмұнының беріктілігі оның жүйелі түрде оқу процесін гуманитарландыру, оқушыларды шығармашылыкпен оқу ақпарат құралдарын шамадан тыс емес мүмкіндігіне қарай алуға жағдай туғызады.

Жалпы білім беру мазмұнның компоненті тұлғаның базалық мәдениетімен байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес, шығармашылық әрекет белгілі білімнің іскерліктің тәрбиелеліктің негізінде калыптасады.

Білім мазмұнының компоненттеріне сипаттама. Қазіргі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмұнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалық бейімделуіне мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталған. Бұл жерде адам өндірістік фактор ретінде қарастырылады.

Білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында оқушылар меңгеретін білім, дағды, іскерлік бірлікте қарастырылады.

Оқыту барысында оқушылар міңдетті түрде білім мазмұнының астары ретінде ғылыми білімдер жүйесін тәжірибелік іс-әрекет дағдыны, сонымен бірге дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет (И.Ф.Харламов). Бұл анықтама адамзаттық мәдениеттің барлық құрамын талдауға негізделмеген және білім мен дағдының негізі сипатын аша алмайды. Негізгі біліммен ғылымды меңгеру адамға қалыптасқан қоғам кұрылысының ішкі жағдайына сәйкес, қызмет жасауға мүмкіндік береді. Адамнан білуді және не істеу керек екенін талап ету жеткілікті. Бұл жағдайда білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес; жеткіншек ұрпақққа ана тілінде (математика, физика т.б.) оқу пәндеріндегі білімді және дағдыны жеткілікті жеткізілуі қажет. Қазіргі даму жағдайында Қазақстаңдағы жалпы білім беру мектептерінде мұның барлығы жеткіліксіз.

Қоғам өмірінің кеибір салаларына байланысты мәселелерін шешу, оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері, қаншалықты дамығандығын өз ісіне жауапкершілігін, Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы, қоршаған ортаны қорғау, қатыгездікке, өтірікке төзбеу, техникалық және қоғамдық прогрестің дамуына дұрыс көзқарасты талап етеді. Тәрбиеленушілердің осы қасиеттерін дамыту, құндылық мәні бар сұраныстарды қалыптастыру қоғамдық өмірдегі маңызды фактордың бірі өздігінен білімін көтеруді қажет етеді. Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат-гумаңдық ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сәйкес келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру барысында бұл тұжырымдама шығармашылық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған әлеуметтік тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі:

1. Табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру . Осы білімдерді меңгере отырып оқушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінде дұрыс әдіснамалық тұрғыдаан қамтамасыз етеді.

2. Белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде тұлғаның дағды, іскерлік ілімді игеруі бұл тәжірибені кеңейте түсері анық. Жалпы практикалық-интеллектуальдық дағды; іскерлік осы тәжірибенің мазмұнын құрады. Өсіп келе жатқан жастар істерді меңгеру нәтижесіңде халықтардың әлеуметтік мәдениетін сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

3. Шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Бұл тәжірибе жас ұрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз әсерін тигізеді.

4. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай бала кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу қажет. Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге деген басқа адамдардың талаптарына, тұлғаның белгілі бір объектіге байланысты сезімдік қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.

Қоршаған дүниеге катынас нормасы өзі-өзіне көзқарасы, сенімі оған жағымды көзқарасты білдіреді. Бұл адам мінезіндегі қатынас жеке іс-әрекетте көрінеді. Оқушыға бұл тәжірибелерді игеру әлеуметтік тәжірибеде оның жеке басының тәжірибесінен жеке оқушылардың бірлескен іс-әрекетінен көрінеді. Барлық білім мазмұнының аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес. Шығармашылық іс-әрекет білім мен іскерлікті тәжірибесінен көрінеді. Қарым-қатынас білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеруде адам қоғамда өздігімен істей білетін және оны өзгерте де алатын дәрежеде болу. Сондықтан да мектептегі алған білімін өмірде қолдануы, жалпы білім мазмұны бір жағынан оқу-танымдық іс-әрекет жағдайында, екінші жағынан іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Адамды оқытуда тұлғаның қажеттіліктерін өтеу оқу мазмұны болып табылады. Мектептегі білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Мектепте білім беру мазмұнын қалыптастырудың жолы әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру, өнер-мәдениетпен, таныстыру.

Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы оқу барысыда танымдық, коммуникативтік, бағдарлы-құңдылық, көркемдік іс-әрекет. Білім мазмұны оқу материалдарын жинақтау, нақты тарихи, психологиялық-педагогикалық өндеуден өтеді. Білім ол мектеп бітірушінің өмірге белсенді араласуын, құндылықтар мен қажеттіліктер тұрғысынан және тұлғаның санасымен және психологиялық қасиеттерінің даму міндетін шешуге сүйенеді. Білім беру мазмұнын қалыптастыру барысында баланың жеке басының дамуы, қызығушылығы, дарыны ескеріледі. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын (міндетті пәндерден басқа) өз қалауы бойынша оқу пәндерінің жалпы білім беру мазмұнының мақсатын белгілеу. Мектептегі білім беру мазмұнына әсер ететін фактор ретінде қоғамдағы жалпы білім беретін мектептің алдындағы мақсаты, өзінің тарихи даму жолындағы оқу процесінің, окушылардың орта және барынша мүмкіндіктері және жеке тұлғаның білім алудағы талап тілегі. Оқыту процесінің өзінде қоғамның жеке бастың талап тілегі мен қызығушылығына сәйкес өндірістің, ғылым мен техниканың дамуы уақыт өзгеруіне байланысты білімнің мазмұныда өзгереді.



Казіргі кездегі жалпы орта білім беретін мектеп мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар.

Білім стандарты негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. Білім стандарты саяси-әлеуметтік және мәдени мәнді білім кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ететін республикада жалпы білім беретін мектептердің әрі қарай дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қоғамдағы жеке тұлғаның қажетін өтеуге бағытталған, білім берудің мемлекеттік нормасы білім стандарты сапалы білімділік жүйесі арқылы түсіндіріледі. Білім стандартының объективті негізі оның мазмұны оқу жүктемесінің көлемі және оқушыларды дайындау деңгейінің көлемі болып табылады.

Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.

Жалы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар:



  • Қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру;

  • Соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;

  • Білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;

  • Мектептің әрбір сатысында тұлғаның даму міндетін ескере отырып білім мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • Білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;

  • Оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігн ескере отырып мектептің, аймақтың, мемлекеттің жетіп көзқарасымен сәйкестендіре көрсету;

  • Оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;

  • Тексеру кезінде технолгиялық жағынан дайын болу.

Біздің Республика тәуелсіз тұтас бірліктегі мемлекет, республикадағы мектептер әртүрлі тілде оқыту мен қатар жалпы білім ьеру саясатын сақтай отрып мемелекеттің қызығушылығы негізінде дамуы тиіс. Осыған байланысты білім беру мазмұны барлық мектепке бірдей міндетті түрде қарастырылады. Міндетті оқылатын пәндер мазмұнында республиканың кейбір аймақтарының экономикалық және мәдени-тарихи жағдайы көрініс табады.

Кейбір арнайы курстарда «Туған өлкенің мәдениеті мен тарихы», «Регионның экономикасы және экологиясы» т.б. жоғарыда айтылған регионның ерекшеліктері білім мазмұнында ескеріледі. Оқу жоспарындағы жалпы білім мазмұнында көрініс табады. Базистік оқу жоспары білімнің сатылық жүйелі принципіне негізделіп құраған.

Базистік оқу жоспарында қарастырылған мәселелер:


  • Негізгі мектепте білімін логикалық жағынан тамамдағаннан кейін өз қалауы бойынша оқуды профильдік мектпте, гимназияда, әртүрлі орта, арнайы лицейлерде т.б. оқу орындарында жалғастыру;

  • Мектепті гуманитарландыруға байланысты міндетті оқу жүктемесін қысқарту;

  • Бір сағаттық эффектісі шамалы курстарды азайту;

  • Республикада тіл туралы заңға байланысты оқытуды мемлекеттік (қазақ тілі) және басқа тілдерді мектпетің барлық түрінде оқыту;

  • Жеке тұлғаның қажеттілігіне байланысты қоғамда үш бағытта ұйымдастырылған: ғылыми, жаратылыстану, гуманитарлық-эстетикалық және кәсібі-техникалық профильді-дифференциацияланған оқытуды енгізу

  • Білім беру мазмұнында көрсетілгендей жалпы білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлерінде міндетті түрде оқыту.

Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша:

  • барлық пәндердің мазмұнына халық педагогикасындағы ұлттық мәдениет компоненттерін енгізу;

  • білім беруді гуманитарландыру;

  • білім беруде математика-жаратылыстану бойынша жалпы мәдени бағытты күшейту;

  • әр пәнді оқыту әдісінің жүйесі жаңарып отыруы тиіс;

  • оқу-әдістемелік комплексті әрбір курс бойынша құру.

Базистік оқу жоспары екі бөлімнен тұрады – инварианттық және вариативтік. Инварианттық оқу жүктемесінде білім беру мазмұны міндетті түрде барлық оқушылар үшін қордаланып берілген. Блоктық пәндер жинтығында білім берудің негізгі компоненттері (ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, коммуникативтік, эстетикалық дене) оқу жоспарына сәйкес білім берудің инварианттық мазмұнында блок түрінде беріледі, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, дене және еңбекке даярлау.

Вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын ата-аналардың және балалардың мүмкіндіктерімен күшіне сай қажетін ескере отырып мектеп қарастырады. Оқу жүктемесінің ішкі құрылысы баланың жасына тәуелді. Бастауыш сыныптарда вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ жүргізу арқылы оқу уақытымен жүзеге асады. Оларды өз таңдауы бойынша әр сабақтарды негізінен жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға бағыттап қолдануға болады. Вариативтік бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес сағаттан факультативтен тұрады. Таңдау бойынша мектепте вариативтік бөлімнің үшінші сатысы көпқырлы пәндер мен сәндік курстардан тұрады. Инварианттық және вариативтік бөлігі оқытудың әртүрлі бірдей емес.

Бастауш сыныпта инварианттық бөлігі 89% құраса барлық оқу жүктемесінің 11% вариативтік бөлігі құрайды.

Инварианттық және вариативтік бөлігі I-II сатыда 85% және 15%, 44,8% және 55,2%. Жалпы білім беретін мектептердің сатылық ерекшелігі базалық куспен анықталады, оқу жүктемесінің вариативтік және инварианттық қатынасы және мазмұндық құрылымы вариативтік бөлігін құрайды. Осы ерекшеліктер үш базистік оқу жоспарды мемлекеттік базистік жалпы орта білім беретін оқу жоспарын жеке қарастырады. Мектепті бітіргеннен кейін өз қызығушылығымен таңдауы бойынша оқуды (профильды) көпқырлы мектептің бірінде жалғастырады. Көпқырлы мектеп ғылыми-жаратылыстану (лицей бағдарламасы бойынша) гуманитарлық-эстетикалық (гимназия бағдарламасы) және кәсіби-техникалық багытта ұйымдастырылуы мүмкін. Көпқырлы мектептің мақсаты оқушыларға жағдай жасау, кейбір пәндерге оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыруға кей пәндерге терең теориялық және тәжірибелік білім беруге бағытталған. Үшінші жалпы мектепті бітіру сатысы. Білім берудің алты компоненты бірдей жалпы білім беретін мектепті бітіру дайындығына бағытталған. Бұрын міндетті емес болып есептеліп келген (Өнер) блогы құрайды. Бұл блок «Өнертануға кіріспе» деп аталады.

Алтаншы білім беру блогына дәстүрлі денешынықтыру, еңбек, бастауыш әскери дайындық курсы кіреді. Осыған байланысты әр блоктың ішкі құрылысын ашып көрсету қажет. әрбір блок уақыттың өте аз мөлшерін қажет етеді. Білім берудің вариативтік бөлішінің жоғарғы сатысы көпқырлы пәндерден, қолданбалы курс және әркімнің өз таңдауы бойынша курсатрдан тұрады. Көпқырлы пәндерге негізгі оқу пәні жатады, қолданбалы курсы негізгі пәндерден білімді тереңдетуге және тәжірибеге дайындайды. Таңдаған курсы бойынша тек факультатив қана емес, басқа да көпқырлы пәндердің нақты саласы бойынша басқа бағытта да қызығушылығына сәйкес білім беріледі. Жалпы білім беретін оқу орындары нақты оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ базистік оқу жоспары нормативтік комплексті анықтайды.


  • оқу мерзімін жалғастыру (жалпы және жеке әр саты бойынша);

  • республикалық және мектеп компоненты мен білім стандартының өзара қатынасы;

  • жалпы орта білім берудегі вариативтік және инварианттық бөлігінің дара қатынасы;

  • базалық мектептер үшін міндетті факультатив сабақтарының апталық жүктемесі;

  • оқушылардың апталық жүктемесі;

  • жалпы сағат саны, мемлекеттік қаржыландыру.

Оқу жоспары – Қазақстан Республикасының Білім министрлігі бекітетін құжат, онда оқу пәндерінің құрамы саны оқу орнында оқылатын пәндерді жүйелі ретімен әр сыныптағы сағат санын көрсетеді. Қазіргі кезде оқу жоспарында оқылатын пәндер үш топқа бөлінеді. Міндетті түрде оқылатын (базалық компонент) оқушылардың таңдауы бойынша (дифференциациялық компонент) және мектептің кеңес беруі бойынша оқылатын пәндер, (мектеп және регионалдық компонент). Оқу бағдарламасын жасау тарихында екі принцип қалыптасты. Бірі – концентрлік, екіншісі – линейный. Біріншісінде бағдарлама анағұрлым күрделі. Мысалы, бастауыш сыныпта судың үш жағдайын (сұйық, газ тәрізді, қатты) түрін оқытса, ал 7 мен 9 – сыныпта судың қайнауын молекула – кинетикалық қозғалыс түрінде түсіндіреді. Екінші прицип бойынша уақытты үнемді пайдалану, қайталау өткеннің жалғасын логикалық оқыту т.б.

Нақты оқу бағдарламасындағы материалдық мазмұны әрбір оқу пәндердің бойынша және барлық оқытылатын тақырыптары оқулықтармен оқу құралдарында берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет