«Педагогикасы» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет6/16
Дата08.06.2018
өлшемі0,51 Mb.
#41663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Жоспары:


  1. Дүниетанымның мәнi және оның түрлері, типтері, қызметтері.

  2. Дүниетанымның құрылымы.

  3. Жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасу процесін заңдылықтары.

  4. Дүниетанымның қалыптасу жолдары мен құралдары.

Дүниетанымның мәнi және оның түрлері, типтері, қызметтері

Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзiне қатынасына деген көзқарастар жүйесi, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негiзгi өмiрлiк ұстанымдары, наным-сенiмдерi, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптерi, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгiлi бiр әлеуметтiк топтың, қоғамдық таптың жетiлуiнiң елеулi көрсеткiшi.

Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін аңғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.

Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.

Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.

Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.

Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.

Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.

Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.

Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.

Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді. Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.

Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.

Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру нәтижесінде қалыптасады.

Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.

Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.

Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.

Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет – өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған – іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.

Г.Е.Занесскийдің пікірінше «Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау процесінде «Мен – бейнені» іске асырушы қызмет атқарады. Басқа әр түрлі заттармен салыстырғанда инвариант бола отырып «дүниетанымдық» іс-әрекет, мақсаты, мотвациясына және операциялық механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны іске асыру әлеуметтік бағдарлаудағы жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни қоғамдық тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне белгіленген және жеке тұлғаның әлеуметтік талаптар мен күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

«Дүниетанымдық іс-әрекеттің» қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның эмпирикалық немесе эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына сүйенуі болып табылады.

Әлеуметтік бағдарлаудың әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиынтығы деп түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау керек екені жайлы мәселердің шешімін қалай орындау жолдары? Егер ол пайдалы болса, оны мәнді деп ойлауға бола ма және егер «иә» десеңіз оны қандай мақсатта, қалай пайдалану керек және егер ол зиянды болса қалай жоюға болады?

Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)

Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі қызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.

Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы оның санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардың іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.

Дүниетанымның бағалау қызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.

Дүниетанымның құрылымы. Тұтас-психикалық білім ретiнде дүниетаным – күрделi де көп аспектiлi құрылым. Оның өзегі – теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезiмдердi бiлдiру, саналы мақсатты ерiк-жiгердiң дамыған қабiлеттiлiгiмен үйлесімді көзқарастар мен сенiмдер. Көзқарастар – адамның қол жеткізген идеялары, бiлiмдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретiнде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсiндiрiп, адамны? мiнез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметiн атқарады.

И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетiнiң, оның “Мен” деген сезiмiнiң мәнiсiн ашып, оның өмiрлiк ұстанымдарының, ар-ожданының негiзiн құрайды. Сенiм – көзқарастардың сапа жағынан мейлiнше жоғары күйi. Сенiм бiлiм сияқты объективтi дүниенің субъективтi көрiнiсi, адамдардың үжымды жеке тәжiрибесiн меңгергенiнiң нәтижесi. Сенiм әлде бiр “бiлетiн” немесе “түсiнетiн” емес, ол – жеке тұлғаның iшкi ұстанымдарына айналған бiлiм.

Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі “бастапқы”, “элементарлық кереге көзі” болып табылады деген ережені терең негіздеу деп санауға болады.

Сенім дүнетанымның ұйтқысы дегенді әлеуметтік және педагогикалық маңызы жағынан бағалау қиын. Олардың адамның өмір жолын анықтаудағы, мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі әрбір педагогқа, әрбір оқушыға түсінікті болуы керек. Тек меңгерілген білім ғана емес, ал сол сенімнің өзі адамды белсендіретін шынайы күш, оны жетілдіретін анық қылықтар, қол жеткізген білімі және солар үшін күресу болып табылады (Волков К.Н.).

Сол білім мен ойлар сенімге айналады, ол адамның өзін және әлемді қайта өзгертетін материалдық күшке еніп, әлем мен адамның өзін құрады.

Егер білім дүниетаным жүйесінің басым мазмұндық компоненттері болып саналса, онда сенім білімге және шынайы ақиқатқа деген эмоциональдық-психологиялық қарым-қатынас және адамгершілік маңыздылыққа ие болады.

Дүниетанымның маңызды рөлі психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және эмоциональдық кездері болып табылады және олар адамның мінез-құлқы мен көңіл күйін анықтайды, соңында іс-әрекетке дайындайды. Тек сенім білім арқылы өсетін жеке тұлға белсенділігінің негізгі көзі болып табылады.

Реттеуші қызмет атқара отырып сенiм жеке тұлғаның тұтас рухани, құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерiн, тiлек-қажеттілігін, сезiм мен қылықтарын анықтайды. Олар қоғамдық мақсат-мүдделердiң объективтi талаптарынан, адамның танып бiлген қажеттiлiгiне сәйкес әрекеттен туындайды. Сенiм жеке тұлғаның қазiргi уақытта іс-әрекетiн басшылыққа алып, оның болашақ өмiр жолын анықтайды. Сенiм – жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтiн саналы қажеттiлiгi. Адамның сенiм жүйесi – оның дүниетаным көрiнiсi. Сезiм – сенiмнiң үйлесімді қасиетi. Сенiмдi өмiрде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсiну мен оған берiлгендiк, әлеуметтiк оптимизм мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезiмдермен байланысты.

Қажымас ерiк-жiгер – дүниетанымның маңызды элементi. Сенiм адамды iс-әрекетке итермелейдi. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектелiп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жiгердi iс-әрекетпен бiрiктіредi. Дүниетаным элементi ретiнде теориялық ойлау дегенiмiз – адамның бiлiмдердi, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде түсiнiп-ұғыну, дүниетанымды мейлiнше жетiлдiру, ерiк-жiгердi сенiмдi iске асыруға бағыттаудың қабiлеттi.

Сенім мен идеал адамның өмiрлiк мақсаттары ретiнде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлiгi болып табылады. Сананың мазмұны сенiм сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.

Осыған байланысты тұлғаның дүниетаным феномені – тұлғаның интеллектуальды және эмоциональды- ерік сипатын өзіне жинақтаған, әлеуметтік мәдениеттің сол бөлігіне назар аударған, іс-әрекеттің жалпы бейнесін жоғары деңгейде ерекшелеген іс-әрекетке дайындық.

Барлық жоғарыда айтылғандарды төмендегі 1-суреттен байқауға болады:





Сурет 10. 1 Дүниетанымның жалпылау құрылымы

Л.И.Божович ұсынысы бойынша жеке тұлғаның дүниетанымы – салыстырмалы түрде кеш келетін құбылыс, ол жеткіншек шақта пайда болатын, жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетаным мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.



Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының заңдылықтары. Оқушылардың ғылыми дүниетанымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады. Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негіздерімен оқушыларды қаруландыру құралы болса, дүниетанымдық білімдерді терең сенімге айналдыру оқушылардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды, іс-әрекетке дайындығын және өмірлік ұстанымын қалыптастырады.



Сурет 10.2 Оқушылардың ғылыми дүниетанымды калыптастыру процесі.

Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға байланысты оқушылардың сенімдері мен өзіндік көзқарасының заңдылықтарын ашу.

Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдерді меңгеру – ғылыми дүниетанымды қалыптастыру негізінің маңызды шарты болып табылады.

Бірақта табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын білу жеткіліксіз. Саналы көзқарас, сенім ойдың болмауы адамда формальды түрде деректерді меңгеруге және дүниетанымдық сипатты жалпылауға әкеп соғады. Тек қана білімді «аудару» және өзіндік сезінген тәжірибесін, әр түрлі іс-әрекеттерден қамтылған тұрақты көзқарастарын, негізіне тұлғаның идеялық мақсаты жататын сендіру және идеалынан тұрады. Олардан адам мінез-құлқына бағыттайтын дүниетаным пайда болады.

Білімді аудару тұрақты сендіру, мінез-құлық мотивтері, принциптері болатын, тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың шарты болып табылады.

Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша білім о?ушыларды? іс-әрекетiнiң басты нәтижесi, оларды? бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетiнiң психологиялық мазмұны – iс-әрекеттiң жалпы тәсiлдерiн, бiлiмдердi меңгеру.

И.Я. Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін зерттей келе, оқушылдардың өздігінен жетістіктерге жету жолындағы бағдары және білімді пайдалануы сезінуге жол ашады, яғни бiлiмдер сенiмге айналу үшiн, жеке тұлғаның қажеттiлiктерiнен, әлеуметтiк үмiт пен құндылық бағыттарынан биiк болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесiне және оның сезiмiне айналуы қажет дейді (түсінік, баға, өлшем). Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйi, олардың жеке тәжiрибесiне, әлеуметтiк-психологиялық жағдайына сүйенеді.

Бірақта танымдық тапсырмалардың рөлі ғылыми сенімділіктерді қалыптастыру жолында да өз маңызын жоймайды. Танымдық тапсырмаларды бір мезетте қалыптастыру диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып қызмет етеді.

Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынындай етіп бөлуге мәжбүр етеді:


  • объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі болуы және оны меңгеру;

  • олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;

  • олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік;

  • индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып, меңгерілген білімді негіздеу;

  • құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту, адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау;

  • өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;

  • белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлеледеу).

Білімді сенімге айналдыру және дүниетанымды қалыптастыру тұлғаның жалпы бағытта қалыптасуымен яғни іс-әрекет қарым-қатынасының жүйесімен тікелей байланысты. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей баланың жеке тұлғасы оның жүйеде алатын орнымен, жеткілікті адами қарым-қатынаспен, соның ішінде өмірде қойылатын талаптардың дәл сол кездегі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады.

Дәл осы сәйкестіктен баланың қажеттілігі мен тілегі, мақсаты, ұмтылысы туындайды және сол арқылы жаңа психологиялық сапаларының қозғалыс күші дамиды. Өмірдің шарты оқушы жеке тұлғасының қалыптасуын тікелей анықтамайды, ал оның тәуелділігі сонда, өзара қатынасымыз бен әрекеттерімізде осы шарттармен оқушының өзі болады.

Оқушының дүниетанымын қалыптастыру мiнез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетiнiң себеп-салдарын анықтайды

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру іс-әрекеті жетістігінің маңызды шарты тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер, білім бірлігімен қамтамасыз етілген педагогикалық процесс болып табылады. Бұған тек қана педагогикалық процесте «логикалық тізбені» ойластырғанда және іске асырғанда ғана жетуге болады. Ол жүйелер: танымдық көзқарасы бар білім жүйесі, зерттеліп жатқан фактілерге, құбылыстарға тұлғалық қарым-қатынас, тәжірибеде ойластырылған және алынған жеке іс-әрекеттік жоспардағы білім.

Адамдардың көзқарастары мен сенімдері әрқашан уақытта жеке тәжірибеде ойластырылған. Тәжірибе негізіне сүйене отырып, олар жеке тұлғаның діни әлемін, оның қажеттілігін, сезімін, мінез-құлық мотивін анықтайды, сонымен қатар тек қана оқушылардың танымына, сезіміне, еркіне әсер етеді, бірақ мінез-құлық және іс-әрекет тәжірибесінде оған белгіленген әлеуметтік-мәнділігін анықтауды және жинақтауды ұйымдастырады.

Г.Н.Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей қарастырады:

– шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін мойындауы және оның адам санасындағы адекватты бейнеленуі;

– тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе саласына әсерін іске асыру;



  • жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жүйесінде тәрбие процесін дараландыру, еңбек және оқытуда жеке тұлға мен ұжымның өзара әсерінің органикалық біртұтастығы;

Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен тығыз байланысына негізделген іс-әрекет тәжірибе факторының белсенді қызметі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың міндетті шарты.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде мысалы, оқушының ішкі позициясындағы бұрын қалыптасқан және қалыптасып отырған әрекеттің арасында, оған деген мұғалімнің қойып отырған талабымен және оны орындаудағы дайындық деңгейі арасында қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Өз уақытында пайда болған қарама-қайшылықтың көзін және сипатын ашу керек, тәрбие процесінде оны жеңу жолдарын анықтау – мұғалімнің басты міндеті.



Дүниетанымды қалыптастырудың жолдары мен құралдары. Дүниетанымның қалыптасуы педагогикалық процесс ретiнде, объективтi түрде ?діснамалы? идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игiлiгiне айналдыруды талап етедi. Оқушылар материалистiк диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулерi қажет: дүниенiң материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс – материяның өмiр сүру формасы ретiнде; материяның бiрiншi, сананың екiншi болуы; қарама-қайшылықтардың бiрлiгi мен күресi; себептi байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерiстердiң мөлшерден шығып кетуi мен олардың сапалық өзгерiстерге айналуы; дамудың үздіксіздігі мен үздіктігі; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәндiлiктiң көрiнiсi ретiнде; мүмкiндiк пен шындық; практика – таным негiзi, ақиқат өлшемі.

Дүниетаным қалыптасуының бiртұтас процесi бiлiм берудегi сабақтастық, оқу пәндерi арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге асады. Оқыту – оқытушы мен оқушының бiрлескен іс-әрекетiмен сипатталады, іс-әрекеттiң мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында бiлiм, бiлiк, дағдыларды, яғни нақты бiр іс-әрекеттiң жалпы бағыттық негiзiн қалыптастыру.

Кез келген аналитикалық-жүйелiк іс-әрекеттiң нәтижесiнде (түсiнiкте, идеалдарда, теорияларда) бiлiм де, іс-әрекет әдiс-тәсiлдерi де бар. Бұл танымның әр түрлi жақтары, бiрақ бұл процесте ең басты орында бiлiм тұрады. Осының барлығы оқушы бойында бiлiм мен бiлiкке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етедi. Ғылыми бiлiм құрылымында екi деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективтi болмысты көлемiрек, тереңiрек және толығырақ суреттеуi бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген бiлiмдерден емес, заманның талабына сай бiлiмдердiң құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негiзiнде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген бiлiмдер жүйесi әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсiп, оларды пайдалану мiндеттерiне сәйкес жалғасады.

Оқыту – оқушылардың ғылыми бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды меңгерудегi, шығармашылық қабiлеттiлiгiнiң, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсендi оқу-танымдық іс-әрекетiн ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесi. Оқыту, адамның iс-әрекетiн белгiлi бiр бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды меңгерудiң саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретiнде жүзеге асады. “Түсiнiктердi, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сiңiруге болмайды. Оларды оқушының өзi, мұғалiмнiң басшылығымен, көмегiмен қалыптастыруы қажет. Білім түсiнiктердiң пайда болуы, заңдарды жете түсiну – оқушының ойлау мен іс-әрекетiнiң белсендi процесi” (М. Н. Скаткин).

Оқу оқушылардың іс-әрекетiнiң басты нәтижесi олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетiнiң психологиялық мазмұны iс-әрекеттiң жалпы тәсiлдерiн, бiлiмдердi меңгеру болып табылады.

Бiлiмдер сенiмге айналу үшiн, жеке тұлғаның қажеттiлiктерiнен, әлеуметтiк үмiт пен құндылық бағыттарынан биiк болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесiне және оның сезiмiне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйi, олардың жеке тәжiрибесiне, әлеуметтiк-психологиялық жағдайына сүйенеді.

Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтiк, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжiрибесiмен қаруландырады. Ол оқушының iшкi жан-дүниесiне, жеке тұлғаның белсендi жасампаздық қажеттiлiгiн дамытады.



Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар

  1. “Дүниетаным” ұғымының мазмұны қандай?.

  2. Дүниетаным құрылымы қандай?

  3. Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасу ерекшелiктерiн сипаттаңыз.

  4. Дүниетаным құрылымындағы сенiмнің орнын анықтаңыз.

  5. Дүниетанымның қалыптасуының негiзгi заңдылықтарын сипаттаңыз.

  6. Оқыту процесiндегi дүниетаным мен оқушылардың іс-әрекетi арасында қандай байланыс бар?

  7. Адамның сенiмi мен оның өмiр салты арасында қандай байланыс бар?

Әдебиеттер

    1. Актуальные проблемы нравственного воспитания .- Новосибирск:Наука,1987 -243с.

    2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте (Психологическое исследование). М., «Просвещение», 1968.

    3. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. М., 1960.

    4. Залеский Г.Е.Психологические вопросы формирования убеждений.-Изд-во Московского государственного университета – 1982-116с.

    5. Философский словарь /Под. Ред. И.Т.Фролова – 5-е изд.-М.: Полит.

    6. Формирование личности: проблемы комплексного подхода в процессе воспитания школьника /Под ред.Г.Н.Филонова.-М.:Педагогика,1983.-256с.

    7. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебное пособие.-3-е издание, перераб. и доп.-М:Юрист,1997.-512с.

Тақырып 11 Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістер жүйесі (1сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет