Пән: Алгебра Қысқа мерзімді жоспар №1-сабак



бет28/38
Дата22.12.2022
өлшемі4,07 Mb.
#163898
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
11сын геом 1 ток (2)
10-3 тжб
Сабақтың ортасы


1.
Пирамида табанында жатқан ромб диагональдарының ұзындықтары 10 см жəне 18 см. Ұзындығы 12 см болатын пирамиданың биіктігі ромб диагональдарының қиылысу нүктесі арқылы өтеді. Пирамиданың бүйір қырын табыңыз.
2.
𝑃𝐴𝐵𝐶 пирамидасының табаны гипотенузасы 𝐴𝐶 болатын тікбұрышты үшбұрыш, ал 𝑃𝐵 бүйір қыры пирамиданың биіктігі. Егер 𝑃𝐴 = 17 см, 𝑃𝐵 = 8 см, 𝑃𝐶 = 10 см болса, табан ауданын табыңыз.


Пирамида(көне грекше: πυραμίς — зәулім)— жақтарының бірі көпбұрыш (пирамида табаны), ал қалған жақтары (бүйір жақтары) төбесі (пирамида төбесі) ортақ болып келетін үшбұрыштардан тұратын көпжақ. АВСD пирамиданың табаны, S – төбесі. Төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр пирамида биіктігі деп аталады. SO-пирамиданың биіктігі. Пирамиданың төбесін табанының төбелерімен қосатын кесінділер пирамиданың бүйір қырларыд.а. SA, SB, SC, SD бүйір қырлары.

Үшбұрышты Төртбұрышты Алтыбұрышты
пирамида.пирамида пирамида.

Бүйір жақтарының санына қарай пирамида үшбұрышты, төртбұрышты, т.б. болып бөлінеді.Табаны дұрыс көпбұрыш болатын және биіктігі оның табанының ортасы арқылы өтетін пирамида дұрыс пирамида деп аталады. Дұрыс пирамиданың бүйір жақтары өзара тең теңбүйірлі үшбұрыштардан тұрады; осы үшбұрыштардың биіктігі дұрыс пирамиданың апофемасы деп аталады.Апофема (гр.апотһема — қабырғаға түсіремін) дұрыс пирамида апофемасы оның бүйір жағы болатын үшбұрыштың Lбиіктігіне тең.




L– апофема.
Дұрыс пирамида.Табаны А1А2...Ап– дұрыс көпбұрыш, бүйір жақтары теңбүйірлі үшбұрыштар. Пирамиданың бүйір бетінің ауданыдеп оның барлық бүйір жақтарыныңаудандарының қосындысын айтады.
Пирамиданы табанына параллель жазықтықпен қиған кезде екі бөлікке бөлінеді: бірі — берілген пирамидаға ұқсас пирамида, екіншісі —қиық пирамидадеп аталады.
Қиық пирамиданың параллель жазықтықтарда жататын жақтары табандары деп, ал қалған жақтары бүйір жақтары деп аталады.
Мәтінмен оқып танысқан соң,оқушылар бірлесе отырып, мынадай сұрақтарға жауап береді (жазып түсіндіреді). Қандай көпжақты пирамида деп атайды? Пирамиданың табаны, бүйір жақтары, қырлары, биіктігі деген не? Қандай пирамида дұрыс пирамида деп аталады? Дұрыс пирамиданың апофемасы деген не? Қандай денені қиық пирамида дейді? Оның элементтерін атаңыз.



Дескриптор:
-1-ші сұраққа жауап береді.
1-балл
-2-ші сұраққа жауап береді.
1-балл
-3-ші сұраққа жауап береді.
1-балл

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады


https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp/prizma-zhane-onyng-ehlementteri-prizmanyng-qasietteri?mid=eb3b87b0-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

ДК экраны

Сұрақтар топтамасы.


Оқулық 11-сынып.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет