Студент істей білуі тиіс: дәрілік заттарды қолдану тәсілін алгоритмге сай жасауды
Сабақтың хронокартасы мен құрылымдық – логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5мин.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру – 5мин.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – 30мин.
IV. Жаңа сабақты бекіту – 5мин.
V. Қорытындылау – 3мин.
VI. Үй тапсырмасы – 2мин.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Студенттермен амандасу, оларды түгендеу
ә) Сабаққа даярлығын тексеру
б) Бас киім, халатын, бейджігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Сұрау, қорытындылау
ә) Ашылмаған мәселелерді талқылдау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Дәрі-дәрмек заттарды енгізудің бірнеше тәсілдері бар: сыртқы тері беті, шырышты қабық немесе тыныс жолы арқылы, ішкі (энтеральды)— ауыз немесе тік ішек арқылы және парентеральды — қарын-ішек жолына соқпай қабылдау.
Дәрі-дэрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу
Дәрі-дәрмек заттарын сыртқы қолдану олардың бел-гілі бір жеріне әсер етуге негізделген. Зақымданбаған терінің сіңіру қабілеті өте төмен; заттарды тек май без-дерінің шығару езектері, май-ерігіш және шаш филли-кулдары арқылы сіқіреді. Д ә р і ж а ғ у таза теріге таза аспаптармен және мұқият жуылған қолмен жүргізі-леді. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолда-нады. Зарарсызданған қалақшамен жағатын майды екіге бүктелген зарарсызданған салфеткаға жағады да, ауы-ратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын түрде қабаттап мақта төсейді. Егер май компресі қажет болса, онда мақтаның астына компрестік қағаз салады да, бинттеп тастайды. Кейде тереңде жатқан .тканға сіңіру үшін:майды теріге жағуға тура келеді. Ол үшін терінін, сол жерін сабындап жуып, содан соң алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене учаскесіне 30—40 минуттай мұқият жа-ғылады. Дененің түкті жерлеріне жағуға болмайды: егер осындай қажеттілік туса, онда түгін қырып тастау керек. Уқалап сипау үшін жылы дәрі-дәрмек заттың шағын мөлшерін алақанға құяды да, алақаны құрғап, терісі қызарғанша ысқылайды. Қейде теріге сырқат ке-ңілін басқаға бұру ретінде йод тұнбасын жағуды қол-данып отырады. Ол үшін ағаш немесе темір стерженьге домалақтанған мақта орап, содан кейін оны 5% спиртке жасалған иодқа батырып, теріге бірнеше рет жағады. Майламастан бұрын шишадағы бар иодты бүлдірмеу үшін шамалы иодты банкіге қүйып алып домалақтан-ған мақтаны малады. Процедурадан соң қалған иодты тегіп мақтаны лақтырып тастайды немесе жағып жібе-реді.
Достарыңызбен бөлісу: |