Пәні: Балалар аурулары Кафедра: факультеттік педиатрия 4 курс



бет42/84
Дата16.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#101647
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Байланысты:
Мет рек Балалар аурулары жалпы медицина каз

6.Әдебиет:

Негізгі:


1.Хабижанов Б.Х. – Балалар аурулары. Алматы: Ана тілі, 1997

2.Хабижанов Б.Х. – Педиатрия, Алматы: Казыгурт, 2005


Қосымша:

  1. Нәресте туралы ілім / ред. Е.Т.Дадамбаев, Алматы, 1995

  2. Дадамбаев Е.Т. – Бала дәрігерінің серігі, Алматы, 1998

  3. Тусупкалиев Б.Т. – Балалар ауруларын емдеу және рецептер жинағы: оқу құралы/ Б.Т.Тусупкалиев, Б.Жылкыбаева, Актобе, 2004

  4. Куттыкожанова Г. – Балалардың жұқпалы аурулары/ -Алматы, 2003


7. Бақылау: Тесттік сұрақтарға жауап беріңіз:

Ішектің тітіркену синдромында антибактериалды препараттармен емдеу курсы:

A) 10-14 күн

В) 3-5 күн

C) 1 рет

D) 1 ай


E) 3 ай

Ішектің тітіркену синдромы іш өтумен бірге жүрген науқасқа диета:

A) №7

В) №5 картошкалы-орамжапырақты



C) №3 ас жармаларының қоспасымен ботқа

D) №4 в


E) №1 а
Ауруханаға 10жасар қыз бала келіп түсті. Шағымдары: салмақ қоспау, өсудің баяулауы, бас ауруы, яқтарының ауруы, ішінің үрленіп, жиі көп мөлшерлі дәретке отыру, құсу. Анамнезінен: ішінің үрленуі мен бала мазасыздануы 6айынан байқалады (қосымша тамақ –геркулес ботқасы енгізілген). 1,5жасынан ішінде ауырсыну, көлемінің ұлғайып, үрленуі, жиі көп мөлшерлі дәрет, құсу пайда болды. Нәжісті копрологиялық зерттегенде стеаторея анықталды. ЭГДС жүргізгенде субатрофиялық дуоденит көріністері сипатталды. Қандай болжамды диагноз қоясыз:

A) панкреатит

B) тағамдық аллергия

C) целиакия

D) тітіркенген ішек синдромы

E) муковисцидоз


Анасы 11 айлық бала 8 айлығында емшектен айырғаннан кейін дене салмағын нашар қосатынына шағымданады, ал тәбеті жоғарылаған, нәжісі жиілеген, көп мөлшерде, сасық иісті. Ең бірінші кезекте диагнозды жоққа шығару керек:

A) целиакия

B) муковисцидоз

C) біріншілік лактазалық жетіспеушілік

D) екіншілік лактазалық жетіспеушілік

E) сиыр сүті белогын көтере алмаушылық


6-айлық баланың ата-анасы сәби терісінің бозғылдығы, 1 ай бойы сұйық, көпіршікті, тәулігіне 7 ретке дейін нәжіс, мазасыздық болғанына шағымданады. Анамнезінен: 1 ай бойы табиғи тамақтануы, жасанды тамақтануда 3 айлығынан. Қосымша тамақ 4 айлығынан – сүтке әзірленген манна және геркулес ботқасы, күніне 2 рет. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

A)ішек тітіркену синдромы

B) арнайы емес жаралы колит

C) глютендік энтеропатия

D) муковисцидоз

E) инфекциондық энтероколит


12 жас қыз бала, жарты жыл бойы 3 тәулікке дейінгі іш қатудан зардап шегетініне, іштің төменгі бөліміндегі ауыру сезіміне, «қой құмалағы» түріндегі нәжіс, жиі ішектің толық босауынсыз сезімі болатынына шағым айтады. Кейде іш қатулар іш өтулермен алмасады (оны эмоционалдық жағдаймен байланыстырады). Қарағанда қалыпты дене бітімі, шамалы улану симптомдары. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Лабораториялық және инструменталдық зерттеу әдістері патология анықтаған жоқ. Осы жағдайда қандай диагноз қоюға болады?

A)арнайы емес жаралы колит

B) Крон ауруы

C) іш қатулар басымдылығымен ішек тітіркену синдромы

D) муковисцидоз

E) созылмалы холецистит

14-жасар Лена жанұясындағы ұрыс-керістен кейін бірінші рет үлкен дәретіндегі қанды көрді. Бір жылдан кейін қан қосылған жиі іш өту, әлсіздік, бас айналу, демікпе пайда болды. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ректоромоноскопия – көптеген жаралар, қанау. Дисбактериоз. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз:

A) дизентерия

B) инфекциялық энтероколит

C) спецификалық емес жаралы колит

D) гранулематозды энтероколит

E) ішек полипоз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет